Әжік (Draba) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Әжік | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
400 түрі белгілі |
Қазақстанда 23 түрі бар. Олар Балқаш — Алакөл ойысы, Алтай, Жоңғар, Күнгей, Теріскей, Іле Алатаулары, Кетпен, тауларының биік белдеулеріндегі тасты, тастақты жерлерде өседі. Ең көп тараған түрі — сопақжемісті Әжік (D. Қanceоlata). Оның биіктігі 6 — 40 см, сабағы бұтақты келеді. Тамыр жапырақтары шоғырлана өседі. Ақтүсті гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Қазақстанда өсетін әжіктің 2 түрі — эндемик болып саналады. Оларға өсетін қисық Әжік (D. іncurvata) және Іле Алатауының мұздықтарына жақын жерлерде өсетін ұсақ жемісті Әжік (D. mіcrocarpella) жатады. Әжіктің көптеген түрі — сәндік өсімдіктер.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер