Әбішев Әлжаппар (15.10.1907 жылы туған, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) — Қазақстанның Халық жазушысы (1985).
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2TVM4eE15OGxSRE1sT1RnbFJEQWxRakVsUkRFbE9UWWxSREVsT0RnbFJEQWxRalVsUkRBbFFqSmZKVVF6SlRrNEpVUXdKVUpDSlVRd0pVSTJKVVF3SlVJd0pVUXdKVUpHSlVRd0pVSkdKVVF3SlVJd0pVUXhKVGd3TG1wd1pXY3ZNakl3Y0hndEpVUXpKVGs0SlVRd0pVSXhKVVF4SlRrMkpVUXhKVGc0SlVRd0pVSTFKVVF3SlVJeVh5VkVNeVU1T0NWRU1DVkNRaVZFTUNWQ05pVkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNSaVZFTUNWQ1JpVkVNQ1ZDTUNWRU1TVTRNQzVxY0dWbi5qcGVn.jpeg)
Арғын тайпасы, Қаракесек руының бұтағынан шыққан.
Тұңғыш әңгімелері “Завал” (1936), “Еңбек ері – ел еркесі” (1938) жұмысшылар өмірін суреттеуге арналған . Ертеректергі шығармаларының бірі “Армансыздар” повесіне қазақ шаруаларының өмірін суреттесе, “Төлеген Тоқтаров” (1944), “Саржан” (1945), “Үлкен жолда” (1948), “Терең тамырлар” (1952), повестерінде, “Жас түлектер” (1945), “Сахара сәулеті” романында, “Намыс гвардиясы” (1942, М. Әуезовпен бірігіп жазған), “Отан үшін” (1949), “Жолдастар” (1940), “Қырағылық” (1941), “Мен өлмеймін” (1948), “Достық пен махаббат” (1947) пьесаларында.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ халқының майдандағы, елдегі жанқиярлық қажыр-қайратын, олардың жеңіске деген сенімін шынайы көрсетеді. “Достық пен махаббат” пьесасы кезінде қазақ драматургиясына қосылған үлкен үлес ретінде бағаланды. “Бір семья” (1948), “Күншілдік” (1954), “Кім менің әкем?” (1957), “Белгісіз батыр” (1966), “Армандастар” (1966), “Сәкен” (1965), “Мансап пен ұждан” (1977), “Көлеңкелер қалай жоғалады” (1978), “Мәди” (1977), “Нұрлы жаңбыр” (1981), “Кәусар” (1982), “Ажалсыз адам” (1983), “Сәкен аманаты” (1987) пьесаларында адамгершілік, мораль тақырыптарын қозғады. “Найзағай” (1969), “Атыңнан айналайын” (1988) романдарына халық композиторы Мәдидің өмірі мен шығармашылық жолы өзек болды. “Шерлі шежіре” эссе кітабында қаламгер өзі көріп, куә болған заман тақсыретін, замандастарының мінез-құлқын өз көзқарасы елегінен өткізе отырып әңгімелейді.
Жазушының айрықша атап айтарлық табыстарының бірі – оның сан алуан тақырыптарға жазған драма шығармалары ұзақ жылдар бойы республика облыстық театрлары сахнасында үзбей қойылып келеді. Осынау толымды еңбегінің арқасында Әбішев қазақ театры ардагерлерінің бірінен саналады. Шығармалары шет тілдеріне аударылған. Әбішев Еңбек Қызыл Ту, , екі мәрте “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.
Марапаттары
- Еңбек Қызыл Туы ордені (01.03.1959)
- Қазан революциясы ордені (21.10.1977)
- Халықтар достығы ордені (14.10.1987)
- 2 Құрмет Белгісі ордені (31.01.1939; 16.11.1945)
Дереккөздер:
- «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер