Әмзебек Рысбекұлы Жолшыбеков
1947 жылы 7 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында туған. Қазақ
Әкесі - Жолшыбеков Рысбек (1921-1967), заңгер болған. Анасы - Жолшыбекова Қатшакүл (1923-2000).
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (1970) технолог-инженер мамандығы бойынша; Алматы Жоғары партия мектебін (1989) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
КОКП мүшесі (1973-1991).
1970 жылдан - цех бастығы, жүгеріні калибрлеу зауытының бастығы. 1973 жылдан - Шу аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1978 жылдан - Қазақстан Компартиясы Шу аудандық комитетінде бөлім меңгерушісі. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Жамбыл обкомының нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1986 жылдан - Қазақстан Компартиясы Свердловск аудандық комитетінің екінші хатшысы, Талас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК кадр жұмыстары және партиялық-ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1990 жылдан - Қазақстан Компартиясы Жамбыл обкомының хатшысы. 1991 жылдан - «Тұлпар» АҚ президенті. 1993 жылдан - Жамбыл облысы Мерке аудандық әкімшілігінің басшысы. 1995 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінде мемлекеттік инспектор. 1996 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты жетекшісінің орынбасары. 1997 жылдың қазан айынан - ҚР Жоғары тәртіп кеңесі хатшылығының меңгерушісі. 1998 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2000 жылдан - меңгерушісі, 2002 жылдың ақпан айынан -ұйымдастыру-аймақтық бөлімі меңгерушісі. 2002 жылдың қараша айынан - ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының жетекшісі. 2004 жылдың наурыз айынан - ҚР Мемлекеттік хатшылығының меңгерушісі. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. ҚР Жоғары Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаттығына кандидат (1993).
ҚР ОАК төрағасының орынбасары (1989-1992). ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің хатшысы (2002-2003). «Отан» РСП төрағасының орынбасары (2005-2006), «Нұр Отан» ХДП саяси бюросының мүшесі (2006-2007). «Құрмет» (2005), ТМД ПА «Достастық» (2007) ордендерімен; «Астана», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1978) марапатталған.
Әскери атағы - запастағы капитан.
Діни көзқарасы - «Дінге үлкен құрметпен қараймын».
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бай, демократиялық мемлекет».
Хоббиі - спорт, аңға шығу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және шытырман оқиғалы әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Рымтай Сәкенқызы, технолог-инженер. Ұлдары - Нұрлан (1970 жылы туған), заңгер; Асқар (1973 жылы туған), агроном; Ерлан (1980 жылы туған).
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер