Әсет Секенұлы Мәмбетов — 1982 жыл 10 маусым, Семей облысы Үржар ауданы, Алтыншоқы ауылында туған. Қазақ. Қазақ спорт және туризм академиясын, жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша; Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика факультетін, экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 2000 жылдан - ШҰКД және CP спортшы-нұсқаушы. 96 кг салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Пекин, 2008) атанды, бірақ 2016 жылы допингпен айыпталып, жүлдесі жоққа шығарылды.
Жетістіктері
- ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері.
- «Құрмет» орденімен марапатталған.
Әскери атағы - аға лейтенант.
Хоббиі - аң, балық аулау.
Бойдақ.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |