Әуезхан Көшімов (1911, 15 желтоқсан, Жезқазған облысы, Шет ауданы, Босаға ауылы - 1993) - ақын.
Өмірбаяны
Әкесі Көшім қажы.Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қарағандыда облыстық радио комитетінің бас редакторы, облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысындағы өкілі қызметтерінде болған.
Шығармалары
- Жүрек сазы. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948;
- Қарт мергеннің айтқандары. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1957;
- Аңшының әңгімелері. А., ҚМКӘБ, 1959;
- Екі бүркіт. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1963;
- Тегіледі әуендер. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961;
- Тепеңкөк. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1983.
Марапаттары
«1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Дереккөздер
- http://shetlibrary.gov.kz/kk/page/122.html 23 наурыздың 2020 жылы.
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер