Өңір - ұлттық сән-әшекейлерінің бірі. Омырауға тағуға ыңғайланып, жоғарғы жағы ойық, етек жағы дөңгелек болып келеді. Ені 20 см, ұзындығы 23 - 25 см шамасында болады. Оны көбіне-се үлкен әжелерге көйлекпен қоса сыйлайды. Ондай үлкен кісілерге арналған өңір түрлі-түсті матадан, жібектен, қамқадан тігіледі де, оған күміспен сабақталған асыл тасты түймелер немесе көзіне асыл тас салынған жүзік тағады. Ерте кезде қыз ұзатқан ата-ана күйеу баласының әкесіне ішік киғізсе, шешесіне арнап жібек көйлек пен осындай өңір беретін болған. Өңірдің қыз-келіншектер тағатын түрі тамақша деп аталады. Оның өңірге жалғаса тігілген, биіктігі 3 - 4 см желкеден түймеленетін бітеу жағасы болады. Өңірдің айнала жиегіне оқашашақ ұстайды. Оған үкіаяқ, т.б. алтын-күміс әшекейлер тағады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер