Академик – құрметті ғылыми атақ. Бұрынғы КСРО ҒА-сы мен одақтас республикалар ҒА-ларының және кейбір салалық академиялардың (Бүкілодақтық ауыл шаруашылығының ҒА-сы, КСРО Медицина ҒА-сы, КСРО Педагогика ҒА-сы, т.б.) толық мүшелері тиісті академияның Академигі деп аталды. Академияның толық мүшелігіне кандидаттарды ғылыми мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен ғылыми қызметкерлер ұсынады да, олар академияның жалпы жиналысында сайланады. Республикада 1946 ж. Қазақстан ҒА-сының ұйымдастырылуымен байланысты оның толық мүшесі, яғни Академик болып ғылым салаларынан 14 ғалым (Қ.И.Сәтбаев, М.О.Әуезов, Ә.Бектұров, И.Г.Галузо, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, т.б.), ал 16 ғалым корр. мүшелері (Х.К.Аветисян, А.В.Бричкин, А.Ж.Машанов, К.М.Мыңбаев, т.б.) болып сайланды. 20 ғасырдың 90-жылдары салалық ғылыми академиялары (ҚР Инженер ғылыми академиясы, Жаратылыстану, т.б.) өмірге келуімен орай олардың да Академигі және корр. мүшелері сайлана бастады. Ғылыми академиясында Құрметті Академик және шетелдік мүше деген атақтар да бар. Академик атағы көптеген шет ел академияларында да қолданылады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер