«Алаяқтар мен ұрылар партиясы» (орыс. Партия жуликов и воров) — ресейлік «Біртұтас Ресей» саяси партиясына қатысты қолданылатын танымал лақап ат, интернет-мем.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekkwTDBWa2FXNWhlV0ZmVW05emMybDVZVjl3YjNOMFpYSmZkakl1YzNabkx6SXlNSEI0TFVWa2FXNWhlV0ZmVW05emMybDVZVjl3YjNOMFpYSmZkakl1YzNabkxuQnVadz09LnBuZw==.png)
Тарихы
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemhrTHlWRU1DVTVOU1ZFTUNWQ05DVkVNQ1ZDT0NWRU1DVkNSQ1ZFTUNWQ01DVkVNU1U0Umw4bFJEQWxRVEFsUkRBbFFrVWxSREVsT0RFbFJERWxPREVsUkRBbFFqZ2xSREVsT0VaZkpVUXdKVUl6SlVReEpUZ3dKVVF3SlVJd0pVUXhKVGcwSlVReEpUZzBKVVF3SlVJNEpVUXhKVGd5SlVRd0pVSTRYeVZFTUNVNU1pVkVNQ1ZDUlNWRU1TVTRNQ1ZFTVNVNFFpNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RKVVF3SlRrMUpVUXdKVUkwSlVRd0pVSTRKVVF3SlVKRUpVUXdKVUl3SlVReEpUaEdYeVZFTUNWQk1DVkVNQ1ZDUlNWRU1TVTRNU1ZFTVNVNE1TVkVNQ1ZDT0NWRU1TVTRSbDhsUkRBbFFqTWxSREVsT0RBbFJEQWxRakFsUkRFbE9EUWxSREVsT0RRbFJEQWxRamdsUkRFbE9ESWxSREFsUWpoZkpVUXdKVGt5SlVRd0pVSkZKVVF4SlRnd0pVUXhKVGhDTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Шығу тарихы
РЛДП басшысы Владимир Жириновскийдің айтуынша, ол бұл тұжырымды 2009 жылы қолданған. 2010 жылдың 28 қыркүйегінде «Азаттық радиосы» радиосында «Біртұтас Ресейді» жайлы «барлық халық бұл ұрылар мен жемқор шенеуніктердің партиясы екенін біледі» деді. Біраз уақыттан кейін осы лақаптың ең белгілі түрін LiveJournal-да танымал блогер Алексей Навальный алып, оны танымал интернет-мем де қылды. «Біртұтас Ресей» партиясына қарсы оппозиционерлер «алаяқтар мен ұрылар партиясы» деген тіркесті де қолданады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek0zTDAxdmMyTnZkMTl5WVd4c2VWOWhkRjkwYUdWZlFtOXNiM1J1WVhsaFgzTnhkV0Z5WlY4eE1GOUVaV05mTWpBeE1WOHhMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFOYjNOamIzZGZjbUZzYkhsZllYUmZkR2hsWDBKdmJHOTBibUY1WVY5emNYVmhjbVZmTVRCZlJHVmpYekl3TVRGZk1TNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Таралуы
«Алаяқтар мен ұрылар партиясы» деген сөз батыстық баспасөздерде де қолданыста. 2011 жылдың сәуірінде журналы Біртұтас Ресейді «the party of corruption, the party of crooks and thieves» (« партиясы, алаяқтар мен ұрылар партиясы») деп сипаттаған. 2011 жылдың 1 қазанындағы редакциялық мақаласында те партияны «ұрылар мен алаяқтар партиясы» деп атағаны белгілі.
Қоғамдық пікір
Адвокат Шота Горгадзе «Біртұтас Ресей»-дің белгісіз мүшелерінің атынан Навальныйды өзінің пікірі үшін сотқа беремін деп қорқытқаннан кейін Алексей Навальный өзінің LiveJournal блогында сауалнама жүргізіп, онда 40,000-ға жуық сайлаушының 96.6 пайызы «Біртұтас Ресей» партиясы «алаяқтар мен ұрылар партиясы» болғанымен келіскен, ал интернеттің ресейлік сегментінде «биліктегі партияға» қарсы кең науқан басталды. Осы науқан аясында Алексей Навальный алдағы сайлауда «Біртұтас Ресей»-ге қарсы дауыс беруге шақырған плакаттар байқауын өткізді.
Партия реакциясы
2011 жылдың 17 тамызында Мәскеу Люблин сотының баспасөз қызметі Мемлекеттік Думаның бірінші вице-спикері Олег Морозовтың көлікті және арнайы сигналдарды мақсатсыз пайдаланғаны үшін Блогта жарияланған Навальный айыптауды жоққа шығаруды, сондай-ақ Олег Морозовтың "алаяқтар мен ұрылар партиясының көрнекті өкілі" деген сөздерін жоққа шығаруды талап етіп, сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді. Сол күні Морозовтың өзі сотқа жүгінбегенін, бірақ оның болжауы бойынша Навальный дайындаған арандатушылықтың құрбаны болғанын мәлімдеді.
2011 жылдың 11 қазанында Мәскеудің Люблин соты Владимир Свиридтің Алексей Навальныйға "Біртұтас Ресей — алаяқтар мен ұрылар партиясы" тіркесін қолданғаны үшін берген талабын қанағаттандырудан бас тартты.
Дереккөздер
- "Единая Россияның" жеңісі, технология алпауыттарының Кремльге бағынуы. Дума сайлауынан кейінгі бес түйін (қаз.). Азаттық радиосы (20 қыркүйек 2021). Тексерілді, 26 қазан 2023.
- Единоросс агитирует за "Партию жуликов и воров" (орыс.). BBC (2 декабря 2011). Тексерілді, 26 қазан 2023.
- (орыс.). (27 августа 2013). Тексерілді, 26 қазан 2023.
- Ioffe, Julia Net Impact (ағыл.). (28 March 2011). Тексерілді, 26 қазан 2023.
- Russia’s presidency (ағыл.). (1 November 2011). Тексерілді, 26 қазан 2023. Guess who! (ағыл.). (1 October 2011). Тексерілді, 26 қазан 2023.
- Буранов, Иван Блогер ответит за мигалку вице-спикера. . (17 тамыз 2011). Басты дереккөзінен 4 наурыз 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 12 желтоқсан 2011.
- «Партия жуликов и воров» легализована (орыс.). (11 октября 2011).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 13 қазан 2011., Суд отказался взыскать с Навального в пользу единоросса 1 млн рублей 4 наурыздың 2016 жылы. // Российское агентство правовой и судебной информации — РАПСИ 11/10/2011
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер