Ақшайыр (лат. Gnaphalium) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Ақшайыр | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Gnaphalium uliginosum | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
120 түрі белгілі |
Қазақстанда жусанды-сораңды алқаптарда, шабындық жерлерде, аласа тау баурайларында өсетін 6 түрі белгілі. Бұлардың биіктігі 10–35 см, сабақтары түбіне қарай қатаң, қалың киіз түкті. Жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі тегіс. Себеттері көп гүлді, масақ немесе қалқан шоғыр құрайды. Гүлдері түтікті, ұзынша келеді. Маусым – тамызда гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымдары жұмыртқа немесе ұршық тәрізді, сыртын жапқан айдаршасы болады.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V-том