Василий Владимирович Бартольд (3 [15] қараша 1869, Санкт-Петербург, Ресей империясы – 19 тамыз 1930, сонда) – ғалым, шығыстанушы, профиссионалдық (1906), aкадемиясы (1913).
Василий Владимирович Бартольд | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
|
Ғылыми дәрежесі | тарих ғылымының докторы |
Ғылыми атағы | СПҒА академигі, КСРО ҒА академигі |
Альма-матер |
|
Атақты шәкірттері | |
Василий Владимирович Бартольд Ортаққорда |
1891 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыс тілі факультетін бітіріп, сонда ғылыми және оқытушылық қызмет атқарды. "Туркестан в эпоху монгольского нашествия" монографиясының (1898 ж.) бірінші бөлімі үшін оған магистр ғылыми атағы, ал екінші бөлімі үшін Шығыс тарихының докторы атағы берілді (1900 ж.). Бартольд - Таяу және Орта Шығыс халықтарының тарихы, географиясы, мәдениеті мен діні жөніндегі 400-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Бартольдтың Орталық Азия және қазақ өлкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми мәні зор. Бұл еңбектерін жазуда ол араб, парсы және жергілікті авторлардың материалдарын пайдаланды. Олардың ішіндегі аса құндылары: « (1894), «1893 – 1894 жылдары ғылыми мақсатпен Орталық Азияға саяхат туралы есеп» (1897), « (1898), « (1898–1900), « (1902), « (1914), « (1918), « (1922), « (1927), « (1928), « (1929), « (1935). Бартольд Орта Азия мен Қазақстан халықтарының көне дәуірден бастап-ақ өзінің тарихы, мәдениеті болғанын ғылым түрде негіздеді. Ислам тарихы туралы « (1912), «Ислам» (1918), «Мұсылман қауымы мәдениеті» (1918), «Мұсылман дүниесі» (1922), «Мусейлима» (1925), тағы басқа еңбектерін жазды. Ежелгі славяндар туралы жазған араб авторларының еңбектерін зерттеді. Шығыстану тарихына зор көңіл бөлді. « (1911), « (1909) атты еңбектер жариялады. Бартольд 1905 – 13 жылы Орыс археология қоғамының Шығыс бөлімшесінің хатшысы, «Мир ислама» (1912 – 13), кейін «Мусульманский мир» (1917) журналдарын шығарушы әрі редакторы болды. 1918 жылы Орыс археология қоғамының шығыс бөлімінің меңгерушісі, Ресейдегі Антропология және этнография мұражайы жанындағы Радлов үйірмесінің төрағасы болды. 1921 жылы Азия музейінің жанынан құрылған Шығыс зерттеушілері алқасын және оның « атты баспасөз органын басқарды. КСРО-дағы мұсылман халықтарының әліпбиін араб әрпінен латын әрпіне көшіру жөніндегі комиссияның жұмысына, Орта Азия университетін құруға, шығыстану кітапханаларын ұйымдастыруға, шығыс қолжазбаларын жинауға қатысты. Бартольдтың көптеген еңбектері ағылшын, француз, неміс, түрік, араб, парсы, тағы басқа тілдерге аударылған.
Шығармалары
Әдебиеттер
- Крачковксий И.Ю., В.В.Бартольд в истории исламоведения, Избр. соч., т. 5, М.-Л., 1958;
- Байпаков К.М., Кумеков Б.Е., Бартольд, как историк и археолог средневекового Казахстана, «Изв. АН КазССР. Серия общественных наук», 1974, № 6.
Сілтеме
- http://www.farsah.kz/rus/res/8 7 тамыздың 2010 жылы.
- http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc3p/67070
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
- "Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б.
- «Арыс» баспасы, 2005
- Қазақ энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Vasily Bartold |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер