Бершүгір ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.
Қазақстан ауылдық округі | |
Бершүгір ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді | 3 ауыл |
Тұрғыны (2009) | 2099 |
Жер аумағы | 2006,79 км² |
Уақыт белдеуі |
|
Автомобиль коды | 04 |
|
Географиялық орны
Аудан орталығынан - 120, облыс орталығынан - 250 км қашықтықта орналасқан. Оңтүстігінде Мөңке би, шығысында Шетырғыз ауылдық округтерімен, солтүстігі мен батысында Мұғалжар ауданымен шектеседі. Жер көлемі - 200679 га.
Халқы
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2099 адамды құрады.
Әкімшілік құрамы
Құрамына Біршоғыр, Сарысай, Алабас ауылдары кіреді. Орталығы - Біршоғыр ауылы.
Тарихы
1997 жылы Амангелді ауылдық округі (орталығы Бершүгір ст.) таратылып, Ақтоғай ауылдық округіне (орталығы Қотыртас а.) қосылды. Ірілендірілген округтің жаңа орталығы Бершүгір станциясы болды. Кейін Ақтоғай ауылдық округінен Біршоғыр ауылдық округі бөлініп шықты. 2019 жылы Біршоғыр ауылдық округі Бершүгір ауылдық округі болып өзгертілді. Сол жылы округ құрамында болған Қарабұлақ ауылы таратылды.
Инфрақұрылымы
25 шаруа қожалығы, 7 дүкен, 1 кафе-бар, 2 дәріхана, 2 монша, шаштараз, кітапхана, клуб, туб.санаторий, 6 ЖШС-і, фельдшерлік пункт, 1 емхана, пошта бөлімшесі, "Казтелеком", "Транстелеком" байланыс желілері, теміржол бойын көгалдандыру мекемесі, бір орта, екі негізгі мектеп, балабақша бар.
Дереккөздер
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округін Бершүгір ауылдық округі деп қайта атау туралы
- Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы
- "Шалқар" энциклопедиясы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер