Бетпақдала артезиан алабы , Шу мен Сарысу өзендерінің арасындағы кең аймақты алып жатыр. Жамбыл облысы Сарысу мен Мойынқұм аудандары жерінде орналасқан. Жер асты суы девон мен тас көмір дәуірлерінің шөгінді жыныстарына жиналған. Сулы қабаттың қалыңдығы 20 – 60 м, арынды суы 20 м биіктікке дейін көтеріледі. Судың минералдығы 1 – 6 г/л. Ұңғымалардан шығатын су мөлшері сулы жыныстардың литол. құрамына байланысты. Құм мен конгломерат қабатынан өткен ұңғымалардан тәулігіне 50 – 150 м3, ал әктастан өткендерінен 750 м3 су шығады. Бұл жер асты суымен жайылымдарды суландыруға болады.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |