Би музыкасы — биге арналған музыка.
Би музыкасының тарихы алғашқы қауымдық кезеңдерден басталады. Ол кезде ән, би және оны демейтін дыбыстық сүйемел синкретті өнер ретінде біртұтас өмір сүрді. Сол көне дәуірлерде-ақ би музыкасы халықтық және кәсіби (сарай музыкасы, салтанатқа арналған, театрландырылған, храмдық) болып бөлінген. Орта ғасырларда би музыкасына діни көзқарасқа байланысты тыйым салынды. Алайда ол халық арасында да, ақсүйектер қауымында да сақталып қала берді. Қайта өрлеу дәуірінде би музыкасы да өркендеді. Тарихи даму барысында би музыкасы басқа музыкалық жанрларға ықпал етумен қатар өзі де олардың жетістіктерінің әсерімен жетіліп отырды. Қазіргі кезде би музыкасы, әсіресе, көпшілік биге арналған эстрадалық әндер музыка өнерінің халық арасында ең кең таралған түрі болып табылады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dance |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер