Бұйрық -
1) Басқару актісі. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ коммерциялық, коммерциялық емес құрылымдардың қызметінде қолданылады. Құқықтық болмысына қарай Бұйрық басқарудың нормативтік және индивидуалдық актілері болып бөлінеді. Нормативтік акт ретінде Бұйрық бірнеше мәрте қолдануға арналған әрі белгіленген ахуал шегінде барша адамның орындауы міндетті болып саналатын жалпылама сипаттағы мінез-құлық қағидаларын мазмұндайды. Осы нормативтік акт ретіндегі Бұйрықтың өзі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның, идараның (к-ттің), сондай-ақ, Президентке, есеп беретін мемл. органның басшылары шығаратын нормативтік-құқықтық актіге (мыс., бұйрықпен бекітілетін Жүктерді тасымалдау ережесі, Паспорт жүйесі туралы ережені қолданудың тәртібі жөніндегі , т.б.) және мемл. орган басшысы, , коммерциялық емес ұйым жетекшісі, әскери бөлімше командирі шығаратын нормативтік (мыс., Ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, Ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, т.б.) жіктеледі. Ал, индивидуалдық акт ретіндегі Бұйрық құқық жосындарын қолдану әрекеті болып саналады әрі жекеше сипаттағы мәселенің шешімін табу үшін шығарылады (мыс., әлеум. жәрдемақы тағайындау, қызмет орнынан алып тастау, кезекті беру, т.б. туралы). Оны атқарушы және билік жүргізуші органдардың, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдардың, т.б. басшылары шығара алады. Идарааралық сипаты немесе азаматтардың құқылары мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысы бар Бұйрықтар Әділет мин-нде тіркеліп, ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңының 6-, 7- тарауларына сәйкес ресми түрде жарияланғаннан кейін ғана күшіне енеді;
- 2) Шаруашылық істер жөніндегі сот коллегиясының не төреші соттың шешімдерін орындау үшін сот беретін атқарушы құжат.
- 3) Көне түркі қағанаттары мен тайпалық одақтарындағы лауазым. Жазба деректер бойынша, ертеде ханның жекелеген әскери топтарының басшыларын, кейде құпия тапсырмаларды орындайтын ханның өкілдері мен сарай маңындағыларды осылай атаған. пікірінше, бұл сөз бұйрық қылған адам, басқарушы деген мағынада қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде өзінің ескі мағынасында “бұйрық беру” ұғымын білдіреді. Бұйрық сөзі “Күлтегін” жазуы мәтінінің екі жерінде кездеседі. Көне ұйғыр мемлекетінің уәзірі “” (Бұйрық тұтық) деп аталған. 12 — 13 ғ-ларда Найман мемлекетінде Бұйрық қызметінің елеулі өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Рашид әд-Диннің “Олардың (наймандардың) патшаларының аты “” немесе “” болды. “Күшлік хан” сөзінің мағынасы — “күшті” және “ұлы мемлекет қайраткері”, “Бұйрықтың” мағынасы — “бұйрық беруші”, соған қарамастан, олардың әрқайсысының өз әке-шешелері қойған басқаша аттары бар” деп жазуына қарағанда, сол кезде Бұйрық сөзі тікелей патшаға ғана байланысты лауазымға айналған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ,, ||-том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер