Жалау, йалау – түркі халықтарының өз әскерін жау әскерінен ажырату үшін жауынгерлердің найзасына, дулығасына матадан қиып таққан арнайы белгісі.Найзаға, дулығаға жалау таққан жауынгерлер шығыс миниатюраларында жиі кездеседі. Бұл дәстүр кейіннен түркілерден орыстарға, онан әрі Еуропаға ауысып, «ялов», «яловец», «еловец» деп аталған. Еуропалықтар жалауды жетілдіріп, әскер түрін ажырататын түсті жиекке (погондағы, жеңдегі түсті жапсырма) айналдырып, осы күнге жеткізді. Қазақ тілінде «жалаулы найза» сөзі жорықтың, соғыстың рэмізі болған: «Жалаулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Жау қашырар ма екенбіз» () деген өлең жолдары осының айғағы. Алыстан жақсы көріну үшін жалау түстері ашық қызыл, көк, сары, жасыл, ақ болып келеді. Кейде қазақтар мұндай түстегі шүберектерді жеңге де таққан. Мысалы, Кенесары әскерінде мұндай айырым белгілерін (қызыл матадан тігіліп, үш қатар бау түрінде болған) жауынгерлер кеудесіне, иығына таққан. Бір елдің әскерін басқалардан ажырату үшін қолданылган жалау кейіннен мемлекеттен мемлекетті айыратын белгіге айналып, мемлекеттік Ту пайда болды. Айырым белгі болғандықтан, жалау үлкен де, кішкентай да болып жасалып, көбейтіле береді, түрлі заттарға басылады. Ал тек бір ғана дана болып, өзгертуге, көбейтуге жатпайды.
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер