Жапалақтәрізділер (лат. Strigiformes) — түнде тіршілік етуге бейімделген жыртқыш құстар жасағы.
Жапалақтәрізділер Қазбалық ауқымы: Late Paleocene–Recent | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() The rare Strix occidentalis caurina | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Families | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Strigidae sensu Sibley & Ahlquist |
Көбінесе орманды мекендейді, басы үлкен, көздері бадырайған, көз бұршағы қимылсыз, бет тегерішті, қауырсындары өте жұмсақ, ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Негізінде кемірушілермен қоректенеді, жемін түнде аулайды. Жұптарын өмір бойы сақтайды, ағаштың қуысына, кейбіреуі жерге ұя салады. Ұядағы жұмыртқалардың саны дене мөлшеріне байланысты 2-ден 12-ге дейін жетеді, жұмыртқаларды аналығы басады. Бұлар полярлық шеңберде тараған, тек солтүстік аймақта ұялайтын құстар. Жапалақ тәрізділердің төменгі эоцен дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқаны белгілі. 28 туысқа бірігетін 133 түрінің Қазақстанда 9 туысы, 12 түрі кездеседі, олардың 10-ы ұя салады. Кейбір түрлері тұрғылықты (мысалы: үкі, байғыз, , орман байғызы, ), қыстап қалатындары да бар (мысалы: ақ жапалақ, құлақты жапалақ), ал басқа бір түрлері жыл құсы (саз жапалағы, , , қылаң жапалақ). Наурыз — мамыр айларында ұшып келіп, қыркүйек — қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Дене тұрқы 12 см-ден () 84 см-ге дейін (), мекиені қораздарынан ірі болады. Жапалақ тәрізділердің қауырсыны — сарғыш қоңыр, жұмсақ. Басы үлкен, тұмсығы имек, тырнағы өткір болады. Құс ойнағынан басқа уақытта шақырмайды, тек түнде ұшады. Ұясын ағаш діңіне, құз-жартасқа, жерге салады. Мамыр — маусымда ірілері 1 — 2-ден, ал майда құстары 10 — 12-ден жұмыртқа салып, оны мекиені 4 аптадай басады. Балапандары 30 күнде қанаттанады. Олар денесін ақ түк басқан, соқыр болып туады. Жапалақ тәрізділер жәндіктермен, кемірушілермен қоректенеді. Бұлардың жылдан-жылға санының азаюына байланысты 4 түрі мен 9 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының 1 түрі - балықшы үкі бұрынғы КСРО-ның және 1 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Жапалақтәрізділердің ең ірісі және өте әдемісі - үкі. Қазақстанның кез келген жерінде кездескенмен, саны көп емес.
Үкіні орманнан, таудан, шөл мен даладан кездестіруге болады, ол ұясын жасыруға болатын жыра, жартасты қапсағайларды паналайды. Ұясындағы 2-5 жұмыртқаны аналығы басады. Үкілер қоянды, кеміруші тышқандарды аулайды. Ауыл шаруашылығына кемірушілерді жою арқылы пайда әкеледі.
Жапалақтардың қорегі
Жапалақтар – етқоректі құстар. Олар кішкентай сүтқоректілерді, құстарды, жорғалаушыларды, тіпті қосмекенділерді де аулап, қорек етеді. Кейбір кішкентай жапалақтар жәндіктермен қоректенсе, ал үлкендері бұғы, түлкі сияқты үлкен сүтқоректілерге де шабуыл жасайды. Сонымен қатар, кейбір жапалақтар балықтарды да аулайды. Барлық жапалақтар өздерінің жемтіктерін толығымен жейді.
Ұялары мен жұмыртқалары
Жапалақтардың көбі жалғыз жүретін құстар. Олар тек жұмыртқа салу кезеңінде ғана ұя салып, жұптасып өмір сүреді. Әдетте, олар ағаш қуыстарына немесе қарға не бүркіт секілді басқа құстардың тастап кеткен ұяларына жұмыртқа салады. Аналық жапалақтар жылына бір рет 2-4 жұмыртқа салады. Кейбір түрлері 10-нан аса жұмыртқа салулары мүмкін. Жұмыртқалар 30 күн басқан соң жарып шығады. Балапандары жарып шыққан кезде соқыр болады, оларды үлпілдек қауырсындардың жұқа қабаты жауып жатады
Дереккөздер
- Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 213б.,
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Strigiformes |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер