Басқа мағыналар үшін Мортық деген бетті қараңыз.
Мортық (лат. Eremopyrum) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлді, сортаңдау, қиыршық тасты, құм топырақты жерлерде өсетін 4 түрі бар.
Мортық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
4 түрі белгілі | ||||||||||||||||
|
Ботаникалық сипаты
Биіктігі 5–30 см. Жапырағы таспа тәрізді, жалпақ. Гүлшоғыры – масақ. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Мортықтың түрлерінің бәрі – эфемерлер (өніп-өсу кезеңі өте қысқа, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер). Жемісі піскенше жайылымда өсетін құнарлы мал азығы.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VI том 27 бет.