Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (12 желтоқсан 1960, Шәуешек, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) – Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, Сенаттың экс-депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед | ||||
![]() | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
12 тамыз 2019 — 24 қаңтар 2023 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Асқар Мамин Әлихан Смайылов | |||
| ||||
6 мамыр 2016 — ақпан 2018 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов Бақытжан Сағынтаев | |||
Ізашары | Асқар Мырзахметов | |||
Ізбасары | Мәулен Әшімбаев | |||
| ||||
наурыз 2014 — 6 мамыр 2016 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Серік Ахметов Бақытжан Сағынтаев | |||
Ізашары | Қырымбек Көшербаев | |||
| ||||
16 қаңтар 2013 — наурыз 2014 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Серік Ахметов | |||
Ізашары | Дархан Мыңбай | |||
Ізбасары | Арыстанбек Мұхамедиұлы | |||
12 мамыр 2008 — 23 қаңтар 2012 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | |||
Ізашары | Ермұхамет Ертісбаев | |||
Ізбасары | Дархан Мыңбай | |||
4 мамыр 2001 — 13 қыркүйек 2003 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Қасым-Жомарт Тоқаев Иманғали Тасмағамбетов | |||
Ізашары | Алтынбек Сәрсенбайұлы | |||
Ізбасары | Дүйсен Қасейінов | |||
| ||||
23 қаңтар 2012 — 16 қаңтар 2013 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | |||
Ізашары | Қанат Саудабаев | |||
Ізбасары | Марат Тәжин | |||
| ||||
11 қаңтар 2007 — мамыр 2008 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | |||
Ізашары | Икрам Адырбеков | |||
Ізбасары | Болатбек Қуандықов | |||
| ||||
28 қаңтар 2006 — 10 қаңтар 2007 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | |||
Ізашары | ол өзі | |||
Ізбасары | Ерлан Байжанов | |||
| ||||
31 сәуір 2004 — 27 қаңтар 2006 | ||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Премьер-Министр | Даниал Ахметов | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Аманат | |||
Білімі | Қазақ ұлттық университеті (1982) | |||
Ғылыми дәрежесі | 1. Заң ғылымдарының докторы 2. Тарих ғылымдарының кандидаты | |||
Мамандығы | Тілші | |||
Дүниеге келуі | 12 желтоқсан 1960 (63 жас)![]() | |||
Әкесі | Абрар Құл-Мұхаммед | |||
Анасы | Гүлғасыл Құл-Мұхаммед | |||
Жұбайы | Айгүл Жәкенқызы Хасенова | |||
Балалары | ұлы Сұлтан қыздары Жазира Жанар Айжан Дидар | |||
Марапаттары | ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | |||
өңдеу ![]() |
Өмірбаяны
- Қытайдың Шәуешек қаласында туған.
- 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға, Семей облысы Мақаншы ауданының Мақаншы ауылына оралды (қазіргі Абай облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы). Қожа руынан шыққан.
- 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
- 1983-1992 жылдары – Қазақ Кеңес Энциклопедиясы Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы қ.).
- 1992-1999 жылдары – «Атамұра» шағын кәсіпорнының директоры, «Атамұра» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының төрағасы, «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы қ.).
- 1994-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік
- университетінде қосымша жұмыс істеді (аға оқытушы, доцент, профессор м. а.) (Алматы қ.).
- 1995 жылы «Қазақстанның XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы әлеуметтік-саяси тарихының проблемалары» тақырыбында тарихтан кандидаттық диссертация қорғады (революцияға дейінгі орыс энциклопедияларының материалдары бойынша).
- 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында заң ғылымы бойынша докторлық диссертация қорғады.
- 1999-2001 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
- 2001 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК Президиумының 2001 жылғы 31 мамырдағы шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
- 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
- 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі.
- 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы.
- 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
- Қосымша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.
- 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
- 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.
- 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
- 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
- 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.
- 2016-2018 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
- 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
- 2019 жылғы 28 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып сайланды.
Ғылыми жұмыстары
- «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» (1994),.
- «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)».
- Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
- 200-ден астам Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыпты ғылыми жарияланымның авторы.
- «Революцияға дейінгі орыс энциклопедияларындағы Қазақстан тарихы проблемалары» (1994).
- «Жақып Ақбаев: саясаткер, патриот, құқықтанушы» (1995),
- «Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары» (1996),
- «Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» (1998),
- «Алашорда көсемдерінің мемлекеттік-құқықтық идеяларының қалыптасуы және дамуы» (1999),
- «Қазақстандағы отаршылдық режим (1868—1917 жж.)» (2000),
- «Заң шығарушылық: проблемалар және ізденістер» (2000),
- «Алаш» бағдарламасы: бұрмалану және шындық» (2000) және т.б.
200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымның авторы.
Марапаттары
- дәрежелі «Барыс» ордені (2020),
- ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016),
- Парасат ордені (2010),
- «Құрмет» ордені (2004),
- «Астанаға 10 жыл» медалі (2008),
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996),
- «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (2018),
- Астана қаласының құрметті азаматы,
- Абай ауданының құрметті азаматы,
- Аягөз ауданының құрметті азаматы,
- Қазақстанның және шет мемлекеттердің басқа да марапаттары, құрмет атақтары.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер