Хирургия салалары |
---|
· Пластикалық хирургия · · · · Нейрохирургия · · · ·Офтальмология · · · · · · · · · · Микрохирургия · Әскери-далалық хирургия · · Торакалды хирургия · · Урология · · ) · ·Ортопедия · · · · · ·Неврология · ·Ангиология · · · ·Бариатрия |
Нейрохирургия (гректің neuron – жүйке және хирургия) – клиникалық медицинаның шеткі және орталық жүйке жүйесінің ауруларының себептерін анықтап, оларды хирургиялық жолмен емдейтін және диагностикасын қоятын саласы.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemN4TDBadlpYSnpkR1Z5SlRKRFgwOXNhWFpsWTNKdmJtRmZZVzVrWDFSdlpXNXVhWE11YW5Cbkx6SXlNSEI0TFVadlpYSnpkR1Z5SlRKRFgwOXNhWFpsWTNKdmJtRmZZVzVrWDFSdlpXNXVhWE11YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Нейрохирургия жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап дамыды. Алғашқы Нейрохирургиялық операция – бас сүйекті ашу (трепанация) көне заманнан белгілі, бұл әсіресе Майя өркениеті кезінде кең дамыған. Бұл туралы алғашқы қолжазбалар үнді дәрігері пен Гиппократ, қайта өрлеу заманында еңбектерінде кездеседі. Ежелгі түрік тайпаларында да бас сүйекке трепанация жасалғаны туралы мәлімет бар. 1957 жылы археологиялық қазба кезінде Қарағанды облылы Қарабие ауылында ескі түркі қорғанынан трепанация жасалған бас сүйек (б.з.б. 5 – 8 ғасырлар) табылған. 19 ғасырда зақымданған бас миының морфолия және патофизиолия өзгерістері туралы орыс ғалымы (1810 – 81) жазды. Сол жылдары бас миы ісігі мен абсцесске алғашқы операцияны ағылшын хирургтері жасаса, неміс ғалымы (1856 – 1939) остеопатия краниотомия (бассүйекті ашып жабу тәсілі) тәсілін пайдалана бастаған. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін қолданылады.
Қазақстанда Нейрохирургия 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) курс түрінде, кейін 1964 жылы Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында арнайы кафедра ашылып, мамандар дайындады және емдік-методологиялық орталыққа айналды. Нейрохирургия мәселелерімен Қарағанды, Семей, Батыс Қазақстан және шұғылданады. Нейрохирургиялық дерттер – бас миы ішінен және ми қабыршағынан болатын орталық жүйке жүйесі ісіктері, жұлын миының, омыртқаның ісіктері, бас миы бағанасының, мишықтың ісіктері болып бөлінеді. Қазіргі уақытта Нейрохирургиялық диагностиканың негізгі тәсілдері – компьютерлік, магнитті-резонансты томография және ангиографияның, микрохирург. тәсілдердің, операциялық микроскоптардың дамуы бассүйек, мидың зақымдану дәрежесін анықтап, бұрын қол жетпеген ми ісіктерін алып тастауға мүмкіндік береді. тәсілдің дамуы (бұрын операция жасалынбайтын) мидың қантамырлар патологиясын трепанациясыз емдеуге жол ашты. Консервативтік емдеуге көнбейтін созылмалы ауру синдромдарын, экс-трапирамидалық жүйке жүйесінің ауруларын, мидың ішкі терең қабатының патологиясын емдеуде стереотаксистік деструкция тәсілін қолданады (функционалды Нейрохирургия). Бас миы мен жұлынға эндоскопиялық операция жасау, лазерлік техниканы қолдану, гамма сәулелерін пайдаланып радиохирургиялық ем жасау жедел дамуда. Нейрохирургияның дамуына Қазақстандық ғалымдар ,,, т.б. үлес қосты.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер