Хирургия салалары |
---|
· Пластикалық хирургия · · · · Нейрохирургия · · · ·Офтальмология · · · · · · · · · · Микрохирургия · Әскери-далалық хирургия · · Торакалды хирургия · · Урология · · ) · ·Ортопедия · · · · · ·Неврология · ·Ангиология · · · ·Бариатрия |
Ортопедия (грек. orthos – тік, түзу және paіdeіa – тәрбиелеу) – клиникалық медицинаның аяқ, қол, қисаюын, олардың қызметіндегі ауытқуларды зерттеп, одан сақтану және емдеу әдістерін зерттейтін саласы. О. терминін ғылымға француз дәрігері 1742 ж. енгізді. О-лық әдістердің ерте заманнан қолданғандығына Мысырда археол. қазбадан табылған б.з.б. бірнеше мың жыл бұрынғы адам сүйектерінің сынықтарын, шыққан буындарын емдеуге қолданған әр түрлі ортопед. құралдар дәлел бола алады. О. туралы алғашқы мәліметтер Гиппократ, Цельс, Гален, Әбу Әли ибн Сина еңбектерінде айтылған. Ортағасырлық француз хирургі (1510 – 90) темірден корсет жасап, оны сколиозды емдегенде қолданды. Қазақстанда О. 1957 жылдан респ. медицина ин-ттарының осы аттас кафедраларында дамып келеді. Республикада ортопед.-травматол. қызметтің негізін салған мед. ғыл. докт., проф. (1900 – 74) болды. Қазіргі кезде О-ның: жалпы О., балалар О-сы, балалар мен ересек адамдардың сүйек патологиясы, травматология, спорттық травматология, қол сүйектері хирургиясы, тірек-қимыл жүйесінің хирургиясы, нейротравматология, сүйек буыны туберкулезі және протездеу бөлімдері бар. Сынықты металл табақшамен (пластинкамен) жалғастыру (остеосинтез), қисайған омыртқа бағанасын операция жасап түзету, оның іш жағынан протез (эндопротез) салу, ет, сүйек, сіңір пластикасы, қантамыр және жүйке микрохирургиясы, т.б. хирург. әдістер мен гипстік техника, массаж, емдік дене шынықтыру, минералды сумен, электрмен емдеу тәсілдері дәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылады. Республикамызда О. мәселелерімен Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қазақ, Оңтүстік Қазақстан мемл. медицина академияларында, Алматы Дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тында ортопедия және травматология кафедралары, 2002 ж. Астана қаласында Қазақстанда тұңғыш ашылған ортопедия және травматология ғыл.-зерт. ин-ты, барлық облыс орталықтарындағы клиник. ауруханалар шұғылданады. Алматы, Петропавловск, Семей қ-ларында ортопедиялық-протез жасау кәсіпорындарында ортопед. жасанды мүшелер (қол-аяқ, корсет, т.б.) дайындалады. Қазақстанда О. ғылымының дамуына мед. ғыл. докт., профессорлар , , , , , , , , т.б. ғалымдардың қосқан үлесі зор.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7том 9 болім
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер