Нұрлыкент ауылдық округі – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әкімшілік бірлік. 2007 жылға дейін Бурнооктябрь ауылдық округі деп аталды.
Қазақстан ауылдық округі | |
Нұрлыкент ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді | 3 ауыл |
Тұрғыны (2021) | ▲4565 |
Уақыт белдеуі |
|
Автомобиль коды | 08 |
Әкімшілік құрамы
Құрамына Нұрлыкент, Түктібай ауылдары және Қосбастау темір жол айрығы кіреді. Орталығы – Нұрлыкент ауылы.
Елді мекен | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Нұрлыкент ауылы | 3646 | ▲3695 | 101,3 | 1862 | ▲1917 | 103 | 1784 | ▼1778 | 99,7 |
Қосбастау т/ж айрығы | 62 | ▲65 | 104,8 | 31 | ▲36 | 116,1 | 31 | ▼29 | 93,5 |
Түктібай ауылы | 705 | ▲805 | 114,2 | 348 | ▲420 | 120,7 | 357 | ▲385 | 107,8 |
Жалпы саны | 4413 | ▲4565 | 103,4 | 2241 | ▲2373 | 105,9 | 2172 | ▲2192 | 100,9 |
Жер көлемі
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 9574 га. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 7499 га, оның ішінде тәлімдік жері 5937 га, суармалы жері 1158 га, жайылымдық 3026, шабындығы 3100 га.
Инфрақұрылымы
Округте 2 орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, пошта байланысы бар. Округ аумағынан Теріс өзені ағып өтеді. Күн шығысында Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Солтүстігінен Алматы-Ташкент тас жолы, оңтүстігінен Алматы темір жолы өтеді.
Дереккөздер
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бурно-Октябрь ауылдық округінің және Бурно-Октябрь ауылының атауларын өзгерту туралы
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , X том
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер