![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Онтарио (ағылш. Ontario [ɒnˈtɛəri.oʊ]) — Канаданың орталық шығысында орналасқан провинция. Канаданың он үш провинциялары мен территорияларының бірі. Бұл мемлекет халқының 38.3 пайызы тұратын Канададағы халық ең көп шоғырланған және жер аумағы бойынша Квебектен кейінгі екінші провинция. Онтарио батысында Манитоба, шығысында Квебек провинцияларымен, оңтүстігінде АҚШ-тың Миннесота, Мичиган, Огайо, Пенсильвания және Нью-Йорк штаттарымен шектеседі. Онтариода Канаданың астанасы — Оттава қаласы және Канададағы ең ірі қала — Торонто қаласы орналасқан, Торонто сондай-ақ Онтарионың әкімшілік орталығы болып табылады.
Канада провинциясы | |||||
Онтарио | |||||
ағылш. Ontario | |||||
![]() Онтарио | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Кіреді | Орталық Канада | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Премьер-министр | Даг Форд | ||||
Лейтенант-губернатор | Элизабет Даудесвелл | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары | 49°15′00″ с. е. 84°30′00″ б. б. / 49.25000° с. е. 84.50000° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°15′00″ с. е. 84°30′00″ б. б. / 49.25000° с. е. 84.50000° б. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты | 1 шілде 1867 | ||||
Жер аумағы | 1,076,395 км² (10,8 %, 4 орын) | ||||
Биіктігі · Ең биік |
| ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Ірі қаласы | |||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ | CA$763.276 миллиард (2015) | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны | 13,448,494 адам (2016)(38.3 %, 1 орын) | ||||
Тығыздығы | 14.65 адам/км² (5 орын) | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды | CA-ON | ||||
Пошта индекстері | ON | ||||
![]() |
Онтарионың АҚШ-пен 2,700 кмге (1,678 мильге) созылған шекарасының барлығы дерлік ішкі сулармен өтеді. Тек қана 1 кмге (0.6 мильге) жуық құрлықтық шекара бар. Онтарио — Ұлы көлдермен шектесетін жалғыз провинция. Онтарио — жарты миллионға жуық көлдері бар жазық жер. Олардың арасында Ұлы көлдер бар, ал Ұлы көлдердің ішінде провинция өз атауын алған Онтарио көлі орналасқан.АҚШ-пен Канада арасындағы мемлекеттік шекарада Ниагара сарқырамасы орналасқан.
Онтарио кейде тұжырымдамалық тұрғыдан екі аймаққа бөлінеді: Солтүстік Онтарио және Оңтүстік Онтарио. Онтарио тұрғындарының және егін алқаптарының басым көпшілігі оңтүстікте орналасқан. Керісінше, Солтүстік Онтарионың көп бөлігі қыста суық және қалың ормандармен сирек қоныстанған.
Провинцияның жер аумағы — 1,076,395 км², 2016 жылғы санақ бойынша халық саны — 13,448,494, ресми тілі — ағылшын тілі.
Сөз төркіні
Провинция Онтарио көлінің құрметіне аталған, ал Онтарио (гуронша: Ontarí:io) термині гурон тілінен аударғанда «үлкен көл» дегенді білдіреді, немесе сканадарио, Ирокой тілдерінен аударғанда «әдімі су» дегенді білдіреді.
География
Провинция солтүстіктен оңтүстікке дейін 1730 км-ге, батыстан шығысқа дейін 1690 км-ге созылған. Провинцияның аумағы 1,076,395 км² құрайды, оның ішінде құрлық — 917,741 км² (85.26 %), су — 158,654 км² (14.74 %). Онтарио Канада аумағының 10.8 пайызын алып жатыр және бүкіл Канада провинциялары мен территорияларының ішінде жер аумағы бойынша 4-ші орынды алады және 2-ші орынды тек құрлық аумағы бойынша алады (аралдарды қоспағанда). Провинция құрамында 1864 арал бар.
Температура
Торонто | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Макс. темпер.(°C) | -1 | 0 | 5 | 12 | 18 | 24 | 27 | 26 | 21 | 14 | 8 | 2 | 13 | |
Мин. темпер.(°C) | -7 | -6 | -2 | 4 | 10 | 15 | 18 | 18 | 14 | 7 | 2 | -3 | 6 | |
Жауын-шашын (мм) | 29 | 26 | 42 | 63 | 73 | 72 | 68 | 80 | 83 | 65 | 67 | 42 | 710 | |
Қар (см) | 38 | 27 | 22 | 6 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 8 | 32 | 133 |
Оттава | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Макс. темпер.(°C) | -6 | -4 | 2 | 11 | 19 | 24 | 27 | 25 | 20 | 13 | 5 | -3 | 11 | |
Мин. темпер.(°C) | -15 | -13 | -7 | -1 | 8 | 13 | 15 | 14 | 9 | 3 | -3 | -11 | 1 | |
Жауын-шашын (мм) | 25 | 18 | 36 | 61 | 78 | 85 | 91 | 87 | 85 | 75 | 60 | 31 | 732 | |
Қар (см) | 55 | 46 | 40 | 11 | 1 | 0 | 0 | 0 | 0 | 4 | 22 | 57 | 235 |
Виндзор | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Макс. темпер.(°C) | -1 | 1 | 6 | 13 | 21 | 25 | 28 | 27 | 23 | 16 | 8 | 2 | 14 | |
Мин. темпер.(°C) | -8 | -7 | -2 | 3 | 9 | 15 | 17 | 17 | 12 | 6 | 1 | -5 | 5 | |
Жауын-шашын (мм) | 29 | 33 | 56 | 81 | 81 | 90 | 82 | 80 | 96 | 64 | 67 | 47 | 805 | |
Қар (см) | 35 | 28 | 21 | 4 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 1 | 8 | 30 | 127 |
Садбери | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Макс. темпер.(°C) | -8 | -6 | 0 | 9 | 17 | 22 | 25 | 23 | 17 | 10 | 2 | -5 | 9 | |
Мин. темпер.(°C) | -19 | -17 | -10 | -2 | 5 | 10 | 13 | 12 | 7 | 2 | -5 | -14 | -1 | |
Жауын-шашын (мм) | 13 | 7 | 30 | 47 | 76 | 78 | 77 | 91 | 101 | 77 | 48 | 14 | 657 | |
Қар (см) | 64 | 50 | 27 | 39 | 18 | 2 | 0 | 0 | 0 | 5 | 32 | 64 | 274 |
Тандер Бэй | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Макс. темпер.(°C) | -9 | -6 | 0 | 9 | 16 | 21 | 24 | 23 | 17 | 10 | 2 | -6 | 9 | |
Мин. темпер.(°C) | -21 | -18 | -11 | -3 | 3 | 7 | 11 | 10 | 5 | -1 | -8 | -17 | -4 | |
Жауын-шашын (мм) | 3 | 3 | 17 | 30 | 65 | 86 | 89 | 89 | 88 | 57 | 32 | 4 | 559 | |
Қар (см) | 41 | 27 | 27 | 12 | 2 | 0 | 0 | 0 | 1 | 6 | 24 | 44 | 188 |
Дереккөз: Environment Canada
Демография
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekl5TDBOaGJtRmtZVjlQYm5SaGNtbHZYMFJsYm5OcGRIbGZNakF4Tmk1d2JtY3ZNakl3Y0hndFEyRnVZV1JoWDA5dWRHRnlhVzlmUkdWdWMybDBlVjh5TURFMkxuQnVadz09LnBuZw==.png)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlV3TDFCdmNIVnNZWFJwYjI1ZlpHVnVjMmwwZVY5dmJuUmhjbWx2TG5CdVp5OHlNREJ3ZUMxUWIzQjFiR0YwYVc5dVgyUmxibk5wZEhsZmIyNTBZWEpwYnk1d2JtYz0ucG5n.png)
2016 жылғы санақ бойынша Онтариода 13,448,494 адам тұрған, ал 2011 жылы 12,851,821 адам, 2006 жылы 12,160,282 адам тұрған. Онтарио Канададағы халқы ең көп провинция болып табылады, Канаданың 38.3 пайыз халығы Онтариода қоныстанған. Бірақ, Онтарио халқы мүлдем біркелкі орналаспаған. Онтарионың 85—86 пайыз аумағын алып тұрған Солтүстік Онтариода Онтарионың тек 6 пайыз халқы тұрады, ал провинцияның оңтүстік-батысында орналасқан, провинция аумағының 14—15 пайызын алып тұрған Оңтүстік Онтариода Онтарионың 94 халқы қоныс тапқан. Қала тұрғындарының үлесі 85 пайызды құрайды.
Халық саны
Ұлты
Этнос | Жалпы | Моно- идентификация | Мульти- идентификация |
---|---|---|---|
Ағылшындар | 2 971 360 | 639 830 | 2 331 530 |
Канадалықтар | 2 768 870 | 1 201 125 | 1 567 740 |
Шотландтықтар | 2 101 100 | 257 535 | 1 843 565 |
Ирландықтар | 1 988 940 | 215 115 | 1 773 825 |
1 351 600 | 182 510 | 1 169 090 | |
Немістер | 1 144 560 | 216 630 | 927 930 |
Италиялықтар | 867 980 | 485 685 | 382 295 |
Қытайлар | 644 465 | 543 320 | 101 145 |
Үнділер | 573 250 | 454 365 | 118 885 |
490 995 | 161 710 | 329 285 | |
Поляктар | 465 560 | 169 225 | 296 335 |
Украиндар | 336 355 | 85 615 | 250 740 |
Үндістер | 317 890 | 87 895 | 229 990 |
Португалдар | 282 870 | 189 405 | 93 460 |
Филиппиндер | 215 750 | 159 155 | 56 600 |
205 755 | 50 235 | 155 520 | |
басқалары | 4 005 560 | 1 754 915 | 2 250 535 |
Діні
Ең ірі дін тобы — Христиандар 74.6 %, оның ішінде Протестанттар 34.9 %, Католиктер 34.7 %. Онтарио провинциясында Канада мұсылмандарының тең жартысы орналасқан — 581,950 (4.6 %).
2011 жылғы мәлімет бойынша Онтарионың негізгі дін топтары мынандай:
Дін | Халық | % |
---|---|---|
Жалпы | 12,651,795 | 100 |
Католиктер | 3,976,610 | 31.4 |
Дінсіздер | 2,927,790 | 23.1 |
Протестанттар | 2,668,665 | 21.1 |
Басқа Христиандар | 1,224,300 | 9.7 |
Мұсылмандар | 581,950 | 4.6 |
Индустар | 366,720 | 2.9 |
Иудейлер | 195,540 | 1.5 |
Сикхтар | 179,765 | 1.4 |
Буддистар | 163,750 | 1.3 |
Басқа діндегілер | 68,985 | 0.5 |
Тілі
Онтарио провинциясының негізгі тілі ағылшын тілі болып табылады, ол сондай-ақ провинцияның Де-Факто ресми тілі болып табылады. 2016 жылғы өткізілген санақ бойынша Онтарио халқының шамамен 97.2 пайызы ағылшын тілін меңгерген, бірақ халықтың 69.5 пайызына ғана ағылшын тілі ана тілі болып табылады. Ағылшын Канаданың екі ресми тілдерінің бірі, екіншісі француз тілі. Ағылшын және француз тілдері Онтарио соттарының ресми тілдері. Онтарио халқының 11.5 пайызы француз тілін меңгерген, ал шамамен 4.6 пайызына француз тілі ана тілі болып табылады. Онтарио тұрғындарының шамамен 11.2 пайызы екі тілде де сөйлейтінін, ал 2.5 пайызы екі тілдің бірде біреуін білмейтінін айтты.
Биометриялық демография
![]() |
Гендерлік таралу екі Американың көптеген аймақтарына тән — әйелдер саны (6,229,580) ерлер санынан (5,930,700) көп. 25 жасқа дейінгі жас тобында ер адамдар, ересек топта әйелдер басым.
Жас құрылымы — халықтың орташа жасы 39.0 жас (ерлер — 38.1, әйелдер — 39.9).
Өмір сүру ұзақтығы 83 жасты құрайды. Туу көрсеткіші 10.8 ‰ құрайды (Канада бойынша — 11.3 ‰). Өмірінің алғашқы жылындағы сәби өлімі 5.2 ‰ құрайды (Канада бойынша — 5.1 ‰). Өлім көрсеткіші 7.1 ‰ құрайды (Канада бойынша — 7.3 ‰).
Онтарио қалалары
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekkyTDFOcmVXeHBibVZmYjJaZlZHOXliMjUwYjE5MmFXVjNaV1JmWm5KdmJWOUlZWEppYjNWeUxtcHdaeTh5TlRCd2VDMVRhM2xzYVc1bFgyOW1YMVJ2Y205dWRHOWZkbWxsZDJWa1gyWnliMjFmU0dGeVltOTFjaTVxY0djPS5qcGc=.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMell6TDBOaGJtRmtZVjlRWVhKc2FXRnRaVzUwTWk1cWNHY3ZNalV3Y0hndFEyRnVZV1JoWDFCaGNteHBZVzFsYm5ReUxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Агломерация | 2009 | 2008 | 2007 |
---|---|---|---|
Торонто | 5623,5 | 5530,6 | 5432,6 |
Оттава - | 1220,7 | 1201,3 | 1183,1 |
739,4 | 732,7 | 725,6 | |
489,3 | 485,5 | 481,4 | |
- - | 489,1 | 482,9 | 476,4 |
- | 404,4 | 404,2 | 403,9 |
361,4 | 356,0 | 350,4 | |
331,5 | 333,4 | 334,8 | |
190,4 | 188,2 | 186,0 | |
165,3 | 164,9 | 164,5 | |
160,7 | 159,5 | 158,3 | |
137,7 | 136,9 | 136,0 | |
135,9 | 134,6 | 133,2 | |
124,8 | 125,5 | 125,9 | |
121,4 | 121,1 | 120,7 |
Дереккөздер
- Land and freshwater area, by province and territory. (1 ақпан 2005). Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 қазан 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 29 қыркүйек 2012.
- Gross domestic product, expenditure-based, by province and territory (2015). Statistics Canada (November 9, 2016). Басты дереккөзінен 19 қыркүйек 2012. Тексерілді, 26 қаңтар 2017.
- CANSIM - 051-0005 - Estimates of population, Canada, provinces and territories
- Ontario — 11th. — New York: New YorkMerriam-Webster, Inc.. — .
- Population of census metropolitan areas (2001 Census boundaries). Statistics Canada. Басты дереккөзінен 24 шілде 2005. Тексерілді, 5 қаңтар 2007.
- Канадада оқығысы келетін талапкерлерге арналған сайт ( (ағыл.), (фран.), (исп.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012. Тексерілді, 1 қыркүйек 2010.
- Ontario Population Projections, 2018–2046. Government of Ontario Ministry of Finance. Тексерілді, 12 сәуір 2020.
- Marianne Mithun The Languages of Native North America — Cambridge University Press. — P. 312. — .
- About Canada // Ontario. Study Canada Last Paragraph–second–last sentence. — «The name "Ontario" is generally thought to be derived from the Iroquois word Skanadario, meaning "beautiful water"» Басты дереккөзінен 6 шілде 2011. Тексерілді, 23 сәуір 2011.
- "Провинцияның ресми сайтындағы географиясы туралы мақала." ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қыркүйек 2010.
- "Канада статистикалық қызметі сайтындағы провинциялар мен территориялар аумақ көлемдерінің кестесі" ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 тамыз 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 қазан 2010.
- "Провинцияның ресми сайтындағы географиясы (жер мен су) туралы мақала" ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қыркүйек 2010.
- Climate Normals & Averages 1971—2000 | Canada’s National Climate Archive 27 маусымның 2013 жылы.
- Канада статистикалық қызметі сайтындағы 2006 жылы өткізілген жалпы канадалық санақ мәліметі ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 қыркүйек 2010.
- Statistics Canada ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 қазан 2010.
- The Legal Context of Canada's Official Languages. Site for Language Management in Canada, . Басты дереккөзінен 21 желтоқсан 2016. Тексерілді, 4 ақпан 2016.
- Census Profile, 2016 Census - Ontario - Language Profile. Stat Canada (9 August 2019). Тексерілді, 7 қыркүйек 2019.
- Profile of the Francophone population in Ontario - 2016. Queen's Printer for Ontario (February 5, 2019). Тексерілді, 24 сәуір 2020.
- Канада статистикалық қызметі сайтында салыстыру кестесі ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 қазан 2010.
- Канада статистикалық қызметі сайтындағы туу көрсеткіші ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 маусым 2013.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 қазан 2010.
- Канада статистикалық қызметі сайтындағы туу көрсеткіші ( (ағыл.), (фран.)). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 ақпан 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 қазан 2010.
Сілтемелер
- Онтарио Үкіметі
- Туризм — Онтарио 21 сәуірдің 2021 жылы.
- Онтарио туристік ақпарат
- Онтарио Визуалды Мұра жобасы 6 шілденің 2011 жылы. – Онтарио тарихы туралы коммерциялық емес құжаттық жобасы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер