Орган (грек. огgаnоn — құрал, аспап) — үрмелі клавишті музыкалық аспап.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMelkzTDFOd2FXVnNkR2x6WTJodmNtZGxiR0ZzZEc5MGRHRnJjbWx1Wnk1cWNHY3ZNVGN3Y0hndFUzQnBaV3gwYVhOamFHOXlaMlZzWVd4MGIzUjBZV3R5YVc1bkxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelU0TDAxdmMyRnBZMTl2Wmw5MGFHVmZSbVZ0WVd4bFgwMTFjMmxqYVdGdWN5NXFjR2N2TWpJd2NIZ3RUVzl6WVdsalgyOW1YM1JvWlY5R1pXMWhiR1ZmVFhWemFXTnBZVzV6TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Египет, Византия елдерінде пайда болды. 7 ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Органның дыбыс тембрі ерекше және түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы әр түрлі түтіктері болады. Әр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Әрбір үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органның 1–7 мануал (әрқайсысында 72 клавиштан), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. Йоганн Себастиан Бах, В.А. Моцарт, Л. Бетховен, Й. Гайдн, И. Брамс, , т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында (1967) орнатылып, орган класы ашылған . Алматыдағы Қазақ филармониясында, Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында (2005) орган орнатылды.
Дереккөздер
- Sharon La Boda. International Dictionary of Historic Places: Middle East and Africa / Trudy Ring, Robert M. Salkin, Sharon La Boda — Taylor & Francis, 1994. — Т. 4. — 766 б. — .
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VII том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Орган
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер