Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма.
Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико-эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды. Романстың бұл түрі шығармашылығында кеңінен орын алған. Кейін Ресей (М.И. Глинка, ), Франция (, ), Чехия (, ), Польша (, ), Норвегия (, ), т.б. елдердің классик композиторлары жанрды жан-жақты дамытты. 19 ғасырда әуесқой әншілерге арналған қарапайым романс стилі де бой көтерді. Қазақтың дәстүрлі ән жанрында еуропалық романстардан кем түспейтін ән нұсқалары аз емес. Мысалы, “Ардақ”, “Айттым сәлем қаламқас”, “Қорлан”, “Гауһартас”, “Алқоңыр”, т.б. Романсты қазақ композиторлары 20 ғасырдың 30-жылдары жаза бастады ( “Май кеші”, “Қамар сұлу”, т.б.). Әр жылдары Абай өлеңдеріне жасалған ұлттық романстар жанрдың көркемдік деңгейін арттыра түсті ( “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын”, “Жарқ етпес қара көңілім не қылса да”, “Ғашықтың тілі тілсіз тіл”, “Не із-дейсің, көңілім”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, т.б.).
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер