Селжүктер — түркі-оғыз тайпаларының бір тармағы. Құрамына қынық тайпасы басшылығындағы әр түрлі оғыз тайпалары кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Салжұқ бектің атымен аталған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар 11 ғасырдың 40–80-жылдары Орталық Азияның бір бөлігін, Иранның көп бөлігін, Әзірбайжан, Күрдістан, Армения, Грузия, Ирак, Кіші Азияны, т. б. аумақтарды жаулап алды. Белгілі көсемдері — , Алп-Арслан, Мәлік шах I. (1073—92) тұсында саяси күш қуаты барынша артты. Бірақ көп ұзамай салжұқтар құрған мемлекет ұсақ сұлтандықтарға бөлініп, бірте-бірте жойылып кетті. Салжұқтар 11—13 ғасырларда басқа да оғыз тайпаларымен және Иран, Әзірбайжан, Кіші Азияның байырғы тұрғындарымен араласып, бірте-бірте соларға сіңісіп кетті. Олар қазіргі түрік, Әзірбайжан, түрікмендер, т. б. түркі халықтарының ұлт ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7-том
- Black Jeremy. The Atlas of World History — American Edition, New York: Covent Garden Books, 2005. — P. 65, 228. — . Бұл карта, әсіресе Жерорта теңізі мен Қара теңіз бойында, басқа карталардан сәл ерекшеленеді.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер