Сырым Дүйсенғазыұлы Шарипханов (1 мамыр 1967 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі (2023-2024).
Сырым Дүйсенғазыұлы Шарипханов | ||
![]() Шәріпханов 2023 жылы | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
10 маусым 2023 — 6 ақпан 2024 | ||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |
Ізашары | Юрий Ильин | |
Ізбасары | Шыңғыс Әрінов | |
Өмірбаяны | ||
Дүниеге келуі | 1 мамыр 1967 (57 жас) Алматы, Қазақ КСР, КСРО | |
өңдеу ![]() |
Өмірбаян
1991 жылы М.Чистяков атындағы зымыран әскерлерінің қазан жоғары әскери Командалық-инженерлік училищесін бітірді. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.
Әр уақытта ол азаматтық қорғаныс жүйесінде лауазымдар мен басшылық қызметтер атқарды.
- 1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының дайындық және оқыту орталығының бастығы.
- 2008 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың ақпанына дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
- 2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының бастығы.
- 2021 жылғы 3 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – Төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының бастығы.
- 2023 жылдың ақпанында болашақ министр Президентке есеп берді. Ол елдегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз академия туралы айтты.
- 2023 жылғы 10 маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Білімі
1991 жылы артиллерия Маршалы М. Н. Чистяков атындағы зымыран әскерлерінің қазан жоғары әскери Командалық-инженерлік училищесін "ұшу аппараттарын басқару жүйелері" мамандығы бойынша бітірген), Ресей ТЖМ азаматтық қорғау академиясы (2002ж.), Ресей ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының Адъюнктурасы (2005ж.).
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы (2010), техника ғылымдарының кандидаты (2005)
Кандидаттық диссертацияның тақырыбы: "графоаналитикалық әдіс негізінде төтенше жағдайларға жедел ден қою жүйелерін талдау және синтездеу әдістемесін әзірлеу".
Докторлық диссертацияның тақырыбы: "төтенше жағдайлардың ақпараттық логистикасын әзірлеу".
Ғылыми атағы: қауымдастырылған профессор (2019ж.)
Қоғамдық жұмыс
ҚР БҒМ сараптама кеңесінің мүшесі;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі.
Ғылыми жарияланым
ТЖ азаматтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша 7 монография мен оқу құралдарының, 100-ден астам ғылыми мақалалардың, қазақстандық және шетелдік ғылыми-білім беру және ғылыми-теориялық басылымдардағы бөлімдердің авторы.
Дереккөздер
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер