Сөз айшықтары орыс. фигуры речи — сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
"Сөз айшықтары" термині эр түрлі мағынада қолданылады, бірақ оны қалыптастыру үрдісі бар. Фигура риториканың поэтикалық семантикамен байланысты негізгі бөлімі ретінде қарастырылып, мағынаны өзгертудің, нормадан ауытқудың құралы деп түсіндіріледі. Зат пен оның атауы арасындағы табиғи байланыс барлығына күмән келтірген элеаттық Философиялық мектептін өкілдері (б. з. д. 6—5 ғасырлар) мұндай байланыстың шарттылығын ескерігі, бұрынғыдан өзгеше, стилистикалық жағынан бейтарап жаңа формалар жасауға болады деп жорамалдаған. Белгілі бір мазмұнды эр түрлі (айшықты оралымдармен) беруге болатындығын мойындау стилистикалық қажетті формаларды тандау идеясына және оларды тындаушының жан дүниесіне эсер ету мақсатында қолдануға алып келді. Сөйтіп, тіл әзінің айшықты оралымдары арқылы тыңдаушыға психикалық әсер етудін құралына айналады. Сөз айшықтары туралы ілімнің бастауында "фигура" терминің сөйлеу құрылымына жатқызған Аристотель тұр. Аристотель мен оның жолын куушылар Сөз айшықтарын алғаш рет зерттеу объектісі етті. Эллинизм дәуірінде Сөз айшықтары термині қолданыска толық енген. Оның толық топтастырылуы (1 ғасыр) шығармаларында берілген.
Сөз айшықтарының топтастырылуында екі принципке мән берілген:
- Бірі — семантика-стилистикалық принцип, оған Сөз айшықтарының дәлдігі (жіктеу, , қайталау, сөйлеудің қатандығы, майдалығы, шапшандығы, қызулығы, маңыздылығы) жатады,
- Екіншісі — құрылымдық принцип, оған Сөз айшықтарын өзгерту, қосымшалармен үстемелеу, қысқарту, орын ауыстыру, қарама-қарсы қою т.б. жатады. Сөз айшықтарымен мақсаты бір троптардың топтастырылуы да осыған құсас.
Мәтін лингвистикасының қалыптасуы, танбалар жүйесі туралы біртұтас ғылымның пайда болуы, мәтін мен риторикаға тілдік дәстүрдің енгізілуі Сөз айшықтарын жаңаша қарауға, ен алдымен Сөз айшықтары мен стилистикалық (риторикалық) айшықтардың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.
Мәтіннің лингвистикалық теориясында Сөз айшықтары деп парадигма жасайтын кез келген қарапайым синтаксистік типтердің сөйлеу практикасы кезінде көрінуін айтады. Бұл мағынада бейтарап мәтінге бейтарап Сөз айшықтары, яғни қарапайым синтаксистік типтер сәйкес келеді.
Тағы қараныз:
- Сөз
- Сөз варианттары
- Сөзге морфемдік талдау
- Қаратпа сөз
- Сөздердің байланысу тәсілдері
- Сөздердің байланысу формалары
- Сөздердің орын тәртібі
- Сөздік
- Сөздік ұя
- Сөздің қызметі
- Сөздің лексикалық мағынасы
- Сөздің негізі
- Сөздің ішкі формасы
- Сөзжасам
- Сөз қолданыс
- Сөз құрамы
- Сөз мәдениеті
- Сөз таптары
- Сөзтұлға
- Сөз тіркесі
- Сөз енгізу
- Сөз синтезі
- Сөйлем
- Модаль сөз
- Сөз табы
- Ділмәр сөз
- Дәйек сөз
- Қыстырма сөз
- Төл сөз
- Төлеу сөз
- Етістікті сөз тіркестері
- Қосалқы сөз
- Есімді сөз тіркестері
- Байырғы сөз
- Қос сөз
- Басқарушы сөз
- Индекстік сөз
- Қарапайым сөз
- Сөз бостандығы
- Қысқарған сөз
- Машиналық сөз
- Алғы сөз
- Бөгде сөз
- Басқаратын сөз
- Туынды сөз
- Резервтелген сөз
- Сөз қолданылуы
- Сөз тіркесінің сыртқы формасы
- Сөзбе-сөз аударма
- Сөз түбірі
- Сөз қолдану ерекшеліктері
- Еліктеу сөз
- Ақындармен сөз жарыстыру
- Даналардан шыққан сөз
- Электронды пошта
- Сөз енгізу құрылғысы
- Анафора
- (Градация)
- Диалектизм
- Ирония
- Литота
- Метафора
- Метонимия
Дереккөздер
- Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер