Тайшық Кенесарыұлы (1827-1863) - сұлтан. Кенесары Қасымұлының бәйбішесі ханымнан туған. Әкесінің хандық билікті қайта жаңғырту бағытын қызу қолдаған. Кенесары ханның өлімінен кейін өзінің ағайын-туыстарымен бірге Қоқан хандығының қол астындағы Қаратау өңіріне қоныс аударды. Қоқан ханына әскери қызметке кіріп, пансат басы (бес жүз әскердің басшысы) атағын алған. Өзінің әскерімен Ұзынағаш шайқасына қатысқан. Осы шайқастан кейін бауыры [[Ахмет]]пен бірге Ресейдің қол астына өтуге ұйғарым жасады. 1861 жылы қарамағындагы елмен Сырдария бойына көшіп, Сырдария шебінің бастығы ген. Дебудің қол астында болды. 1862 жылы Қоқан бекінісі Жаңақорғанды алуға қатысып, ерлік көрсеткені үшін зауряд-хорунжий шенін алды. Тайшық пен Ахмет сұлтандардың күш салуымен Түркістанға қараған қоңырат, қыпшақтардың бір бөлігі, сунақтардың бір тобы, Шу бойындағы көптеген қазақ рулары орыстардың қол астына өз еріктерімен өтті. Тайшық 1863 жылы Жөлек бекінісі маңында Телқожа батырдың қолынан ауыр жарақат алып, қаза тапқан.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер