«Теңдессіз Фокс мырза» (ағылш. Fantastic Mr. Fox) — Роальд Дальдың кітабының желісі бойынша түсірілген Уэс Андерсонның қуыршақ мультфильмі. Уэс Андерсонның ең алғашқы туындысы. 2009 жылы күзде жарыққа шықты. Кассалық табысы ең жоғары қуыршақ мультфильмдер ішінде 15 орын алады. Басты кейіпкерлерді Джордж Клуни, Мерил Стрип, Джейсон Шварцман, Билл Мюррей және Уиллем Дефо дыбыстады.
Теңдессіз Фокс мырза | |
Fantastic Mr. Fox | |
| |
Мультфильм түрі | қуыршақ мультфильм |
---|---|
Жанры | комедия |
Режиссёрі | Уэс Андерсон |
Продюсері | Эллисон Абот |
Сценарийдің авторы | Уэс Андрон |
Рөлді дыбыстағандар | Джордж Клуни |
Композиторы | Александр Деспла |
Операторы | Тристан Оливер |
Студия | 20 Century Studios |
Мемлекет | |
Тілі | ағылшын |
Ұзақтығы | 89 мин. |
Премьера | 2009 |
Бюджеті | $ 40 млн. |
Кассалық түсімі | $ 46,5 млн. |
IMDb | |
Рөлдерде
- Джордж Клуни — Фокс мырза
- Мерил Стрип — Фокс ханым (Бұл рөлді алғашында Кейт Бланшетт дыбыстауы қажет еді, бірақ кейіннен белгісіз
себептермен жобадан кетті)
- — Эш Фокс
- — Борсық мырза
- Уиллем Дефо — Егеуқұйрық
- Оуэн Уилсон — бапкер Скип
- — Кайли Свен Опоссум
- — Кристофферсон Сильверфокс
- Майкл Гэмбон — Франклин Бин
- — Пити
- Уэс Андерсон — Стэн Саршұнақ
- Карен Даффи — Кәмшат Линда
- Робин Харлстоун — Уолтер Боггис
- — Натан Банс
- — Бин ханым
- — Бинның ұлы
- — Дэниел Пибоди, репортёр Action 12
- Тристан Оливер — жарғыш
- Стивен Рэйлс — Құндыз мырза
- Джереми Доусон — Құндыз мырзаның ұлы
- — дала тышқаны Рикити
- — құрылысшы Тиін
Музыка
Мультфильмнің музыкасын француздық кинокомпозитор Александр Деспла жазды. Онымен қоса мультфильмнің саундтрегі ретінде Джарвис Кокердің әндері және The Beach Boys, The Bobby Fuller Four, Burl Ives, Georges Delerue, The Rolling Stones музыкалық топтарының әндері қолданылды. 2009 жылы қарашада «Теңдессіз Фокс мырзаның» саундтрегі жинақталған альбом жарық көрді.
Марапаттары
- 2010 — «Оскар» сыйлығының екі номинациясы: жылдың үздік анимациялық фильмі (Уэс Андерсон) және үздік оригинал музыка (Александр Деспла)
- 2010 — «Сатурн» сыйлығына номинация: үздік анимациялық фильм.
- 2010 — Британ киноакадемиясы сыйлығына екі номинация: үздік анимациялық фильм (Уэс Андерсон) және үздік музыка (Александр Деспла)
- 2010 — «Алтын глобус» сыйлығына номинация: үздік
анимациялық фильм.
- 2009 — АҚШ киносыншыларының ерекше жетістігі сыйлығы (Уэс Андерсон).
«Кайе дю синема» журналы «Фоксты» 2010 жылғы 5 үздік фильмнің қатарына жатқызды.
Дереккөздер
- MTV Movies Blog — Wes Anderson Enlists Bill Murray For ‘The Fantastic Mr. Fox’ 12 қазанның 2007 жылы. (ағыл.)
- Meryl Streep voicing a role in Wes Anderson’s «Fantastic mr. Fox» 7 тамыздың 2011 жылы. (ағыл.)
- EXCL: 1st Mr. Fox pic! 12 шілденің 2009 жылы. (ағыл.)
- ComingSoon.net Talking to City of Ember Mayor Bill Murray 5 қарашаның 2014 жылы. (ағыл.)