Уи́льям Джеймс Дефо́ (ағылш. William James Dafoe, лақап аты Уи́ллем Дефо, ағылш. Willem Dafoe, [ˈwəɫːəm dəˈfoʊ], 22 шілде 1955 жыл, , Висконсин) — америкалық актёр, түрлі марапаттардың, соның ішінде « номинациясындағы Вольпи кубогының, сондай-ақ төрт Оскар сыйлығының, BAFTA сыйлығының, үш «Алтын глобус» сыйлығының және төрт номинацияларының иегері. Ол жоғары бюджеттік блокбастерлерде де, жобаларында да ойнайтыны үшін белгілі.
Уиллем Дефо | |
ағылш. Willem Dafoe | |
Дефо 2019 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары | 1975 жылдан бері |
Марапаттары | Сатурн (2001), Тәуелсіз рух (2001), (2018), (2018) |
IMDb | |
Уиллем Дефо Ортаққорда |
Дефо «Өрмекші-адам» (2002) суперқаһарман фильміндегі супер зұлым (Норман Осборн / Жасыл гоблин) рөлі үшін көбірек назар алды, ол « (2004) және « (2007) сиквелдерінде және Marvel кинематографиялық әлемінің (2021) фильмінде рөліне «оралды». Ол сонымен қатар Кеңейтілген DC Ғаламы фильмінде « (2018) және Зак Снайдердің Әділет Лигасы (2021) фильмдерінде Нуидис Вулко кейіпкерінің рөлін сомдаған.
Жастық шағы
Уильям Джеймс Дефо 1955 жылдың 22 шілдесінде Висконсин штатындағы қаласында Мюриэль Изабельдің (туған тегі Сприслер; 1922–2012) және доктор Уильям Альфред Дефоның (1917–2014) отбасында дүниеге келді. Отбасы жайлы 2009 жылы ол «Мені бес әпкем өсірді, себебі әкем хирург, анам медбике болды және олар бірге жұмыс істеді, сондықтан мен екеуін де көп көре бермедім» деген еді. Оның ағасы Дональд Дефо — хирург және зерттеуші ғалым. Оның тегі Дефо — швейцариялық Thevou (Тэву) фамилиясының ағылшынша нұсқасы. Сұхбат кезінде ол отбасының жартысы фамилиясын айтқанда екпінді бірінші буынына берсе (Де́фо), екінші жартысы екінші буынға екпін беретінін айтты. Жоғарғы сынып оқушысы болғанда Уиллем лақап атын алды. Кейінірек ол сол лақап атын өзінің сахналық есімінің бөлігі ретінде қабылдады, себебі ретінде туған есімінен гөрі оған көбірек үйреніп қалғанын өзі айтып кетті.
Мектептен кейін Уиллем драма оқуын бастады, бірақ он сегіз айдан кейін ол жерден кетіп, Милуокидағы Theatre X театр компаниясына жұмысын бастады. 1976 жылы ол Нью-Йорк қаласына көшті. Содан кейін ол «The Performance Group» авангардтық театр труппасының директоры Ричард Шехнердің қол астында шәкірт болды, сол жерде режиссер Элизабет ЛеКомптемен танысып, онымен романтикалық қарым-қатынаста болды. Шехнер мен топтан тыс жерде өз туындыларын қоя бастағаннан кейін басқа мүшелер арасындағы шиеленістерден кейін Шехнер топ құрамынан кетіп қалды, ал қалған мүшелер (соның ішінде ЛеКомпте мен оның бұрынғы жігіті Спалдинг Грей) өздерін Wooster Group деп атады. Көп ұзамай Дефо жаңа компанияға қосылды және оның құрылтайшыларының бірі ретінде есептелді. Ол өзін Голливуд киножұлдызы ретінде танытқаннан кейін 2000 жылдарға дейін топпен жұмысын жалғастырды.
Мансабы
Кинематографиялық мансабы
Дефо тұңғыш рөлін 1980 жылы, фильмінде аталмай қалған кейіпкерді сомдаған. Дефо бар сценаларды кейін фильмнен алып тастаған. Дефоның сақталған тұңғыш рөлі Кэтрин Бигелоудың «Махаббатсыз» фильмінде бар, ол жерде ол байкерлер тобының басшысы рөлін сомдаған еді. Дефоны дүние жүзінде танымал қылған фильм — « (1986). Фильм сол жылдың үздік фильмі атанды және Дефо Оскар марапатына тұңғыш номинациясын алды. 1988 жылы Дефо мансабындағы басты рөлдерінің бірін сомдады – актёр Мартин Скорсезенің « даулы драмасында Иса Мәсих рөлін сомдады. Сондай-ақ 1989 жылы Дефо Тим Бёртонның рөлі үшін қарастырылды. «Бэтмен» сценаристі Сэм Хэмм: «Дефо — Джокер рөлін ойнау үшін туған кісі» деп атап өтті. Бірақ рөл әлі де Джек Николсонға берілді.
1980 жылдардың аяғында және 1990 жылдардың бірінші жартысында Дефоны басты рөлдерде де, қосалқы рөлдерде де көруге болады. Ол , Дэвид Линч, Вим Вендерс сияқты режиссерлермен жұмыс істеген. 1996 жылы ол (Энтони Мингелламен) бірге « фильмінде ойнады. романының бейімделуі дүниежүзілік кассада 200 миллион доллардан астам табыс тауып, тоғыз «Оскар» жүлдесін жеңіп алды.
2001 жылы актёр екінші рет «Оскар» номинациясын алды, бұл жолы « фильміндегі рөлі үшін. Дафо сонымен қатар «Алтын глобусқа» ұсынылып, Сатурн, және Тәуелсіз рух марапаттарын алды. Осы фильмде Дефоны көрген продюсерлер оны Өрмекші-адам (2002) фильміндегі басты зұлым кейіпкердің орнына шақырды. (Жасыл гоблин) рөлі актёрдің «визиттік карталарының» біріне айналды. Өрмекші-адамнан кейін актёр ірі студиялық жобалар мен тәуелсіз фильмдер, сондай-ақ экранда анда-санда көрінетін басты рөлдер арасында ауысуды жалғастырды.
« (2017) фильміндегі рөлі үшін Дефо «Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёр» номинациясында Оскар сыйлығына ұсынылды. Сондай-ақ, 2017 жылы бойынша түсірілген « фильмінде Дефо пойыздағы жолаушылардың бірі, профессор Герхард Хардманның рөлін сомдаған.
Театрлық мансабы
- « өмірі және өлімі» — перформанс шебері Марина Абрамовичтың өмірбаянына негізделген қойылым. Түсаукесері 2011 жылдың ақпанында, Манчестерде орын алды.
- «Кемпір» — аттас шығармасына негізделген жанрындағы қойылым. , пен Дефоның бірлесіп ұйымдастырған қойылымы. Тұсаукесері 2013 жылдың 4 шілдесінде Манчестердегі халықаралық фестивальда орын алды.
Жеке өмірі
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWtMMlJpTDFkcGJHeGxiVjlFWVdadlpWOWhibVJmUjJsaFpHRmZRMjlzWVdkeVlXNWtaVjlDWlhKc2FXNWhiR1ZmTWpBeE9DNXFjR2N2TWpJd2NIZ3RWMmxzYkdWdFgwUmhabTlsWDJGdVpGOUhhV0ZrWVY5RGIyeGhaM0poYm1SbFgwSmxjbXhwYm1Gc1pWOHlNREU0TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Уиллем Дефоның театр директоры Элизабет ЛеКомптеден туған Джек (1982 жылы туған) ұлы бар. ЛеКомптемен Дефо некесіз 27 жыл бірге өмір сүрді. Онымен бірге Дефо әйгілі «The Wooster Group» труппасының негізін қалады.
2005 жылдан бері Дефо италиялық актриса және режиссёр Джиада Колаграндеге (1975 жылы туған) үйленді. Америкалықтан басқа Дефоның италиялқ азаматтығы да бар. Италияда тұрғандығынан «кішкене италияша сөйлейді».
Дефо — , жануар ұстайтын фермалар «ғаламшардың жойылуына әкеліп жатқан себептердің бірі» етіп санайды және сол себептен ет жемейді. Дефо күнделікті айналысады.
Фильмографиясы
Кинематография
Жылы | Атауы | Рөлі | Қосымша |
---|---|---|---|
1980 | Heaven's Gate | Уилли | Фильм жазуында жазылмаған |
1981 | Махаббатсыз The Loveless | Вэнс | |
Ақ жалған White Lies | Қысқа фильм | ||
1983 | The Hunger | Телефон күркесіндегі екінші жас жігіт | |
1984 | Шайқап жіберу Shackin' Up | Жігіт | |
Streets of Fire | Рэйвен | ||
1985 | 66-шосседегі асхана Roadhouse 66 | Джонни Харт | |
О, Панама O Panama | Қысқа фильм | ||
To Live and Die in L.A. | Эрик Мастерс | ||
1986 | Platoon | Сержант Элиас Гродин | |
1987 | Құрметті Америка: Вьетнамнан үйге хаттар Dear America: Letters Home from Vietnam | Элефант Грасс | Дыбыстама Деректі фильм |
1988 | Шексіз Off Limits | Бак Макгрифф | |
The Last Temptation of Christ | Иса Мәсих | ||
Mississippi Burning | ФТБ агенті Әлан Уорд | ||
1989 | Triumph of the Spirit | ||
Born on the Fourth of July | Чарли | ||
1990 | Cry-Baby | Жексұрын күзетші | |
Wild at Heart | Бобби Перу | ||
1991 | Интрудер ұшуы Flight of the Intruder | Лейтенант коммандир Вирджил Коул | |
1992 | Сергек ұйқы Light Sleeper | Джон ЛеТур | |
Ақ құмдар White Sands | Рэй Долезал | ||
Айғақ болған дене Body of Evidence | Фрэну Дулани | ||
1993 | Қандай алыс, қандай жақын! Faraway, So Close! | Эмит Флести | |
1994 | Том мен Вив Tom & Viv | (Т.С. Элиот) | |
Тікелей, анық қауіп Clear and Present Danger | Джон Кларк | ||
Түн және сәт The Night and the Moment | Жазушы | ||
1996 | Жеңіс Victory | Аксель Хэйст | |
Баския Basquiat | Электрші | Камео | |
The English Patient | Дэвид Караваджио | ||
1997 | Жылдамдық 2: Круизге жауапты Speed 2: Cruise Control | Джон Гайгер | |
Қайғы Affliction | Ролфи Уайтхаус | ||
1998 | Көпірдегі Лулу Lulu on the Bridge | Доктор Фан Хорн | |
«Жаңа қызғалдақ» қонақүйі New Rose Hotel | X | Продюсерлердің бірі болды | |
1999 | Экзистенция Existenz | Gas | |
Бундок әулиелері The Boondock Saints | Пол Смэкер | ||
2000 | American Psycho | Дональд Кимболл | |
Хайуан зауыты Animal Factory | Өрл Коупен | ||
Shadow of the Vampire | / Граф Орлок | ||
Буллфайтер Bullfighter | Рамирез атай | ||
2001 | Әйелдер павильоны Pavilion of Women | Андрэ атай | |
Өлім жүздері Edges of the Lord | Дін қызметшісі | ||
2002 | Өрмекші-адам Spider-Man | (Норман Осборн / Жасыл гоблин) | |
Глоубс аңшылары Globehunters | Аңшы (дыбыстама) | Телевизия фильмі | |
Автофокус Auto Focus | Джон Хенри Карпентер | ||
2003 | Finding Nemo | Гилл | Дыбыстама |
Once Upon a Time in Mexico | Армандо Бариё | ||
Өш алу күні The Reckoning | Мартин | ||
2004 | Есе алу The Clearing | Арнольд Мәк | |
Spider-Man 2 | (Норман Осборн / Жасыл гоблин) | Камео | |
Стив Зиссумен бірге су асты өмірі The Life Aquatic with Steve Zissou | Klaus Daimler | ||
Бақылау Control | Доктор Майкл Коуплэнд | ||
Дайын нұсқа: Жұмақ қақпасының жасалуы және жойылуы Final Cut: The Making and Unmaking of Heaven's Gate | Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм | |
The Aviator | Рональд Суит | Камео | |
2005 | XXX 2: Жаңа деңгей XXX: State of the Union | Генерал Джордж Декерт | |
Мандерлей Manderlay | Грэйстің әкесі | ||
Оның атау алғанынан бұрын Before It Had a Name | Лесли | Режиссёрлердің бірі болды | |
Мистер Риплидің оралуы Ripley Under Ground | Нил Мүрчисон | ||
2006 | Америкалық арман American Dreamz | Штаб басшысы | |
Inside Man | Капитан Джон Дэриус | ||
Париж, мен сені жақсы көремін фр. Paris, je t'aime | Ле Ковбой | ||
2007 | Ханымдардың қарауылы The Walker | Ларри Локнер | |
Mr. Bean's Holiday | Карсон Клэй | ||
Spider-Man 3 | (Норман Осборн / Жасыл гоблин) | Камео | |
жапон. ゲド戦記 Tales from Earthsea | Коб | Анименың ағылшынтілді дубляжы | |
Стриптиз-клуб ертегілері Go Go Tales | Рэй Руби | ||
Процедура The Procedure | Кристофер | Қысқа фильм | |
Анаморф Anamorph | Стэн Обри | ||
2008 | Саябақтағы жарық қоңыздар Fireflies in the Garden | Чарльз Тэйлор | |
Тірілген Адэм Adam Resurrected | Коммандир Кляйн | ||
Уақыт шаңы гр. Η Σκόνη του Χρόνου The Dust of Time | Эй | ||
2009 | Antichrist | Ол | |
Фаруэлл ісі фр. L'affaire Farewell Farewell | Фийни | ||
Ұлым, ұлым, не істегенсің? My Son, My Son, What Have Ye Done? | Детектив Хэйвенхурст | ||
Жарық жауынгерлері Daybreakers | Лаянель 'Элвис' Кормәк | ||
Теңдессіз Фокс мырза Fantastic Mr. Fox | Егеуқұйрық | Дыбыстама | |
Бір вампир әңгімесі Cirque du Freak: The Vampire's Assistant | Гәвнер Пүрэл | ||
2010 | Мираль Miral | Эдди | |
Әйел A Woman | Макс Оливер | ||
2011 | 4:44. Жердегі соңғы күн 4:44 Last Day on Earth | Сиско | |
Аңшы The Hunter | Мартин Дэйвид | ||
2012 | John Carter | Тарс Таркас | технологиясы |
Ертең сен жоқ болдың Tomorrow You're Gone | Будда | ||
2013 | Odd Thomas | Уайатт Портер | |
Норманды құтқару Saving Norman | Лаянэль Римбрук | Қысқа фильм | |
Күлміс адам The Smile Man | Уиллем | ||
Махаббат тәртібі Love's Routine | Барри | ||
Аптаптан Out of the Furnace | Джон Петти | ||
Nymphomaniac | Эл | ||
Бенаки музейі The Benaki Museum | Антонис Бенакис | Дыбыстама Қысқа фильм | |
2014 | Ең қауіпті адам A Most Wanted Man | Томми Бру | |
Гранд Будапешт қонақ үйі The Grand Budapest Hotel | Джоплинг, жалдамалы кісі өлтірушісі | ||
Айқаспалы атыс Bad Country | Бад Картер | ||
Жұлдыздар кінәлі The Fault in Our Stars | Питер ван Хутен | ||
Пазолини Pasolini | |||
John Wick | Маркус | ||
2015 | Менің хинди досым порт. Meu amigo hindu My Hindu Friend | Диего Фэрман | |
2016 | Әке итал. Padre Padre | Джэймс Вердун | |
Үзілімді байқаңыз Mind the Gap | Өзі | Қысқа фильм | |
Ит итті де жейді Dog Eat Dog | 'Жынды төбет' | ||
Finding Dory | Гилл | Дыбыстама камеосы | |
Отағасы A Family Man | Эд Быләкбіридж | ||
Скульпт Sculpt | Адам | ||
The Great Wall | Баллард | ||
2017 | Есектер актёр бола ма? Do Donkeys Act? | Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм |
The Florida Project | Бобби | ||
What Happened to Monday | Теренс Сэтмен | ||
Тау Mountain | Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм | |
Death Note | Рюк | Дыбыстама | |
Murder on the Orient Express | Герхард Хардман | ||
Опус Зиро Opus Zero | Пол | ||
2018 | At Eternity's Gate | Винсент ван Гог | |
Vox Lux | Баяндаушы | Дыбыстама | |
Aquaman | Нуидис Вулко | ||
2019 | Қауырсын құстары Birds of a Feather | Ивс | Дыбыстама |
The Lighthouse | Томас Уэйк | ||
Томмасо Tommaso | Томмасо | ||
Бабенко: Маған мен өлгенде айтшы порт. Babenco: Alguém Tem que Ouvir o Coração e Dizer Parou Babenco: Tell Me When I Die | Өзі | Деректі фильм, продюсерлердің бірі болды | |
Motherless Brooklyn | Пол Рэндольф | ||
Togo | |||
2020 | Ол қаламаған зат The Last Thing He Wanted | Дик Макмэн | |
Сібір Siberia | Клинт | ||
Спортшы өмірі Sportin' Life | Өзі | Деректі фильм | |
2021 | Зак Снайдердің Әділет Лигасы Zack Snyder's Justice League | Нуидис Вулко | (2017) фильмінің толық, жоспарланған нұсқасы |
Француз хабаршысы The French Dispatch | Абакус Альберт | ||
Суық болған есе алу The Card Counter | Майор Джон Гордо | ||
Nightmare Alley | Клем Хоутли | ||
Spider-Man: No Way Home | (Норман Осборн / Жасыл гоблин) | ||
Өзен River | Баяндаушы | Дыбыстама Деректі фильм | |
2022 | The Northman | ақымақ Хаймир | |
Доллар үшін өлу Dead for a Dollar | Джо Криббенс | ||
2023 | Inside | Немо | |
Asteroid City | Зальцбург Кайтэль | ||
Байғұс жандар Poor Things | Доктор Годуин Бакстер | ||
Асыға күткен таңсәрі итал. Finalmente l'alba Finally Dawn | Руфус Приори | ||
Үй жануарлары дүкенінің күндері Pet Shop Days | Фрэнсис | ||
Гонзо-қыз Gonzo Girl | Уокер Рид | ||
The Boy and the Heron | Мейірбан бірқазан | Ағылшынтілді дубляж |
Телевизия
Жыл | Атауы | Рөлі | Қосымша ақпарат |
---|---|---|---|
1986 | Жаяу жолаушы The Hitchhiker | Джэффри Хант | "Елес-Жазушы" эпизоды |
1991 | Джонмен бірге балық аулау Fishing with John | Өзі | "Солтүстік Мэйнде мұз арқылы балық аулау" |
1997, 2014 | Симпсондар The Simpsons | Коммандир / Мистер Лассен (дыбыстама) | 2 түрлі эпизод |
2010 | Америкалық тәжірибе American Experience | Баяндаушы (дыбыстама) | "Тереңге: Америка, кит аулау мен дүние жүзі" эпизоды |
2017 | Шоошқалар Piigs | Деректі фильм | |
2022 | Сатошиды іздеу Finding Satoshi | Баяндаушы (дыбыстама) | Деректі фильм |
Өзі (камео) | "/Måneskin", "Уиллем Дефо/Кэти Перри" эпизодтары | ||
The Kingdom | Гранд Дак | 3 түрлі эпизод |
Дереккөздер
- MARX, Rebecca Flint Willem Dafoe (ағыл.). The New York Times. Мұрағат көшірмесі 23 қазанның 2007 Wayback Machine мұрағатында
- William Dafoe's Obituary on Appleton Post-Crescent (ағыл.). legacy.com (28 November 2014). Тексерілді, 15 қараша 2023.
- ISAAC, Sara Actor Dafoe's Orlando Parents Support 'Last Temptation' Role (ағыл.). (12 August 1988). Тексерілді, 15 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- ROSAMUND, Witcher What I know about women (ағыл.). The Guardian (22 November 2009). Тексерілді, 15 қараша 2023.
- Pancreas Transplant Director Donald Dafoe Joins Cedars-Sinai (ағыл.). Newswise (13 May 2005). Тексерілді, 15 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Finally, The Truth Behind Willem Dafoe's First Name YouTube сайтында. 2:26 үзінді.
[Мен] үлкен отбасы[данмын]. [Менің] әкемнің есімі Уильям еді. Жақсы көремін, бірақ Билли болғым келген жоқ. Кіші Уильям болғым келген жоқ. Өзімнің жеке сәйкестігім керек болды. Кішкентай болғанда лақап ат қаладым. Сосын досым мені 'Уиллем' деп атағанда сол лақап атты таптым. Сонда Уильям деп айтудың еріншек нұсқасы сияқты ғой. Менің оны қалай жазып алатынын да білмедім. Иерониялығы осы: Актёр болғанда өзімнің туған есімім лақап ат сияқты естілді. Мен өзіме жақын есіммен жүре бердім, шындығы осы. Түпнұсқа (ағыл.)"[I'm from a] big family. [My] father's called William. Love the guy, but I don't want to be Billy. I don't want to be William Junior. You know, you want your own identity. And when I was a kid, I was always seeking the nickname. And then I finally found one, where a friend of mine just started calling me 'Willem'. Like a lazy way of saying William. I didn't even know how to spell it. And the irony was by the time I became an actor, to go back to my birth name felt like a stage name. So the truth is I just stuck with the name that I felt like."
- NYMAN, Shane 8 times Appleton native Willem Dafoe appeared in The Post-Crescent before he was famous (ағыл.) (17 January 2019). Тексерілді, 15 қараша 2023.
- Bromberg, Craig Wild at Heart (ағыл.) (5 May 1997).
- Mr Bean's Holiday – Willem Dafoe interview (ағыл.). indielondon.co.uk. Мұрағат көшірмесі 13 мамырдың 2005 Wayback Machine мұрағатында
- Manchester International Festival. Тексерілді, 25 шілде 2013. Мұрағат көшірмесі 8 маусымның 2013 Wayback Machine мұрағатында
- CROCI, Roberto Food Talks: Willem Dafoe, His Italian Family, Broccoli, Carciofi & Panzanella (қаңтар 2018). Тексерілді, 27 маусым 2018. Мұрағат көшірмесі 27 маусымның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- MAHER, Kevin Willem Dafoe on how to become a hardman at 60: juice, yoga and the school run. The Sunday Times (8 сәуір 2015). Тексерілді, 27 шілде 2018. Мұрағат көшірмесі 27 желтоқсанның 2022 Wayback Machine мұрағатында
- Willem Dafoe Fandango filmography. Fandango. Тексерілді, 22 мамыр 2012.
- Goodsell, Luke 'I Don't Hate Women': Lars von Trier on Antichrist. Rotten Tomatoes (23 қараша 2009). Басты дереккөзінен 29 қараша 2009. Тексерілді, 14 желтоқсан 2009.
- My Hindu Friend. . Тексерілді, 26 ақпан 2016.
- New cast members for 'Pet Shop Boys' include Willem Dafoe and Peter Sarsgaard (ағыл.). uk.style.yahoo.com (25 January 2023). Тексерілді, 28 қаңтар 2023.
- Hayao Miyazaki’s ‘The Boy and the Heron’ Announces English Voice Cast: Christian Bale, Florence Pugh and Robert Pattinson to Star. (17 қазан 2023). Тексерілді, 17 қазан 2023.
- Finding Satoshi (ағыл.). IMDb. Тексерілді, 15 қараша 2023.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер