Ханиса Канышқызы Сатпаева (1921—2016) — Кеңес және Қазақстандық медицина ғылымдарының докторы, атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің құрметті , Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері.
Ханиса Канышқызы Сатпаева | |
Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Туған жері | Қарсақпай жұмысшы ауылы, Жезқазған облысы |
Қайтыс болған күні | 11 маусым 2016 (94 жас) |
Ғылыми аясы | валеология |
Жұмыс орны | С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет |
Ғылыми дәрежесі | медицина ғылымдарының докторы |
Ғылыми атағы | профессор |
Альма-матер | Қазақ ұлттық медициналық университет |
Бұл мақала әлі өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
- 1921 жылы 15 желтоқсанда Қарсақпай жұмыс ауылы, Жезқазған облысында дүниеге келген.
- 1943 жылы – Қазақ мемлекеттік медициналық институтты үздік бітіріп, еңбек жолын сол институтта жалғастырды.
- 1945 жылы ақын Қайнекей Жармағамбетовпен тұрмыс құрған.
- 1974 жылдан 1991 жылдар аралығында – АММИ-дің қалыпты физиололгия кафедрасының меңгерушісі.
- 12 жыл бойы Емдеу ісі факультетінің деканы.
- 1995 жылы алғаш Қазақстанда медицина және педагогика ЖОО-на арналған «Адам физиологиясы» («Физиология человека»)[1] атты оқулық жарыққа шықты. (қайта басылып шығарылды).
Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 8 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның басшылығымен Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-да валеология курсын енгізу бойынша үлкен істер атқарылды.
- 1999, 2007, 2009 жылдары жарық көрген валеологиядан қазақ және орыс тіліндегі бірінші типтік бағдарлама мен оқу-әдістемелік құралдың авторы. Орта мектептерге арналған валеология нұсқаулығының авторы.
- 2016 жылы 11 маусымда өмірден озды.
Отбасы
- Әкесі — академик Қаныш Имантайұлы Сатпаев (1899—1964) — кеңес геологы. ССРО ҒА және ҚазКСР ҒА академигі.
- Күйеуі — Қайнекей Жармағамбетов, ақын, әдебиеттанушы.
- Ұлы — Нұрлан Жармағамбетов, Алматы қаласындағы Сатпаев атындағы мұражайдың директоры, филология ғылымдарының кандидаты.
- Ұлы — Әділ Жармағамбетов.
- Қызы — Алима Қайникейқызы Жармағамбетова[1], химия ғылымдарының , профессор, Сокольский атындағы катализ және электрохимия директорының орынбасары.
Марапаттары
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- Парасат ордені — ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай және еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін
- «1941-1945 жж. соғысындағы қажырлы еңбегі» үшін медалі
- И.П. Павлов атындағы медаль
- «Адам физиологиясы» оқулығы үшін А.Байтұрсынов атындағы медаль
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
- «Құрмет белгісі»
- «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері»медалі (1981)
- «ССРО жоғары мектебінің үздігі» белгісі
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрмет грамотасы, ҚазКСР және ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Бүкілодақтық физиология қоғамының құрмет грамотасы.
Дереккөздері
- Серік Имантайұлы Жақсыбаев Қаржас ұрпақтары — Павлодар: ЭКО, 2008. — 400 б. — 1000 таралым. — .
- Ханиса Канышевна Сатпаева, некролог. inform.kz. Дата обращения 23 января 2017.
- Философия рода Сатпаевых. baiterek.kz. Дата обращения 23 января 2017
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер