Цзинь, Цзинь әулеті — Қытайдың солтүстігінде 1115 — 1234 ж. құрған мемлекет. Қытайдың солт.-шығыс шекарасындағы Маньчжурияның өз-нің бойын мекендеген тұңғыс-маньчжур тайпаларының бірі болған. Олар мал ш-мен, аңшылықпен айналысып, Қытаймен сауда жасап, жібекке, темір мен қару-жараққа өздерінің жылқыларын, темір-терсектерін, бұлғын елтірілерін, алтын тамыр мен өзен інжу маржанын айырбастады. Алайда қидандардың Ляо мемлекеті бағындырғаннан кейін олардың Қытаймен байланысы қиындап кетті. 1115 ж. көсемі император деп жариялап, Цзинь мемлекетінің негізін қалады. Оларға Гоби шөлінің шығысында тұрған моңғол тайпалары да бағынды және Цзинь билеушілерін Алтын хан деп атады. Маңындағы ұсақ көшпелі тайпаларды біріктіріп, күшейіп алған 12 ғ-дың басында Қытайды билеген әулетіне қауіп төндірді. Сун үкіметі келіссөз жүргізіп, оларды тағы бір күшті жауы қидандарға қарсы пайдаланып, айрылып қалған 16 округін қайтарып алуға тырысты. де Ляо мемлекетімен соғыс жағдайында болатын.
- 1120 ж. әулеті Ляо мемлекетімен соғысу үшін чжурчжэндермен одақ құрады. Осы одақтың нәтижесінде 1125 ж. Ляо мемлекеті біржолата талқандалды. Қидандардың көпшілігі қы-рылып, қалғандары батысқа ауып, Жетісу мен Ыстықкөл маңында Қарақытай мемлекетін құрды. Бұл соғыстардың нәтижесінде қытайлардың әлсіздігі байқалды. Осыны пайдаланған Цзинь мемлекеті империясына соғыс ашып,
- 1126 ж. көктемде Хуанхэ өз. маңына келіп, сундар астаналарының бірі қ-на қауіп төндірді. 15 жыл бойы Цзинь империясы мен Сун мемлекеті арасында соғыс жүрді. Кейін ішкі бірлігін сақтай алмаған Сун өкіметі Цзиньмен бейбіт келісімге келуге мәжбүр болды. Олар және провинцияларының біраз бөлігін беріп, 200 мың лан алтын, 4 млн. лан күміс алым төлеуге келісті. Бірақ халық наразылығының күшеюіне байланысты соғыс қимылдары қайтадан басталды.
- 1126 ж. Сун әскері талқандалып, Кайфын қ. басып алынды. 1127 ж. басып алған жерлерде қытайлықтардың қуыршақ мемлекеті құрылып, билеушілікке сундық бұрынғы әкім тағайындалды. Ал мемлекеті оңт-ке қоныс аударып, астанасын қ-на көшірді. Ол Оңт. Сун деген атқа ие болып, бұрынғысынан да ауыр шарттарға келісті. Екі мемлекет арасында әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. *(1130) — 37 ж. Цзинь мемлекеті Сунмен күресу үшін қазіргі Шаньдун, Хэнань, провинциялары жерінде, соңдай-ақ Аньхуйдың солт. мен жерінде буферлік Ци мемлекетін құрды. Осы жер арқылы Янцзының төм. ағысындағы қытайлардың басты әскери күштеріне күйрете соққы берді.
- 1135 — 36 ж. Цзиньмен бейбіт бітімге келуді жақтаушы бірінші министр қызметіне тағайындалды. Ол Сун императорын Цзиньмен бітімге келуге көндірді.
- (1142) ж. ұзаққа созылған соғыстардан әлсіреген Сун мемлекеті Цзиньмен бейбіт келісімге қол қойды. Сун императоры өзін Цзинь билеушісінің вассалы ретінде мойындап, оларға жыл сайын 300 мың күміс құйма және 300 мың кесек жібек мата беріп тұруға міндеттенді. Бұл келісімге сәйкес Цзинь мемлекеті басып алған барлық жерлерін қайтарды. Екі елдің арасындағы шекара Хуанхэ мен Янцзы өзендері аралығындағы Хуайшуй өз. болып белгіленді. Осындай келісімдер екі ел арасында (1164) — 68 ж. және 1208 ж. жасалды. Осыдан кейін екі мемлекет арасындағы қатынас кейде бейбіт, кейде дұшпандық жағдайда өрбіді. Цзинь мен әулеті арасындағы ұзаққа созылған соғыстар Алтын ханға бұрыннан бағынышты болып келген моңғолдардың күшеюіне жағдай туғызды. 13 ғ-дан Цзинь мен Сун мемлекеттеріне ұзаққа созылған ішкі соғыстар нәтижесінде Шыңғыс ханның басшылығымен бір орт-қа біріккен түркі-моңғолдар қауіп төндіре бастады.
- 1211 — 15 ж. және 1234 ж. түркі-моңғолдар Цзинь мемлекетіне күшті соққы беріп, оларды біржолата талқандады. Сөйтіп, чжурчжэндердің Цзинь мемлекеті өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Цзинь қыт. 金 | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
![]() 1200 ж. | ||||
Астанасы | Хуэйнинфу(Харбин) | |||
Тіл(дер)і | Чжурчж,Қытайа | |||
Аумағы | 3,200,000 км² | |||
Халқы | 50 378 800 адам. | |||
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk14TDAxaGNGOXZabDlEYUdsdVlWOHhNVFF5TG1wd1p5OHpNREJ3ZUMxTllYQmZiMlpmUTJocGJtRmZNVEUwTWk1cWNHYz0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMelk1TDFOb1lXbG5hVzV2TFVwMWNtTm9aVzR0Y0dGcGVta3VjRzVuTHpNd01IQjRMVk5vWVdsbmFXNXZMVXAxY21Ob1pXNHRjR0ZwZW1rdWNHNW4ucG5n.png)
Ciлтемелер :
"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер