Шегіртке — мұрттылар тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір . Қысқа мұрттылардың маңызды тұқымдасының бірі — шегірткелер; және де шегіртке отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы – денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты , шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа , шөл , қызылшегіртке және т.б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы – жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып , бірнеше жүздеген , мыңдаған гектар жерді басып , бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км –ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп , солтүстік – батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері – Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш , Алакөл , Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді , ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай , үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді , сонымен қатар капуста, қарбыз, күнбағыс және тағы басқа қоректеніп, біршама зиян келтіреді.
Шырылдауық шегірткелер, көк шегірткелер және кәдімгі обыр шегірткелер бір-бірімен туыстас болып келеді. Әсіресе, обыр шегіртке мен көк шегірткелер бір-біріне өте ұқсас. Бұл жәндіктердің барлығының денелері ұзындау, ал артқы аяқтары секіруге ыңғайлы болып келеді. Аталған жәндіктер қанаттарының көмегімен дыбыс шығара алады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том
"Қазақстандағы жануарлар әлемі" , Алматыкітап баспасы , А.Ф. Ковшарь , В.А. Ковшарь
Тағы қараңыздар
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер