Тимор-Лесте немесе ШығысТимор Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Шығыс Тимордың намысын қорғайтын құрама. ФИФА және АФК мүшесі. Басқарушы орган — Тимор-Лесте Футбол Федерациясы.
Шығыс Тимор Ұлттық футбол құрамасы | |||
Лақап аты | O Sol Nascente | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | АФК | ||
Федерация | Тимор-Лесте Футбол Федерациясы | ||
Бас бапкері |
| ||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны | Ангишу Барбоза (27) | ||
Үздік бомбардир | (6) | ||
ФИФА рейтингі | 190 (17 мамыр 2018) | ||
Формасы | |||
| |||
Шығыс Тимор 0–10 Сауд Арабиясы | |||
Тарихы
2000 жылы Шығыс Тимор Индонезиядан өз тәуелсіздігін алды да, 2002 жылы АФК-ға тіркелді. Ал 2005 жылы ФИФА құрамына мүшелікке өтті. Азиядағы ең аутсайдер құрамалардың бірі, 2018 жылғы мамыр айында ФИФА рейтингісінде 190 орынға жайғасты, ең жоғары көтерілген сатысы — 146-орын ғана (2015 жылы шілдеде).
Әзірше әлем чемпионаттары мен Азия кубогының финалдық турниріне қатыспаған. Алғашқы кездесуін 2003 жылы өткізді. Алғашқы ресми жеңісін тоғыз жылдан соң, 2012 жылы тойлады, АСЕАН кубогында 5:1 есебімен Камбоджа құрамасын тізе бүктірді. Ал 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Моңғолияны 4:1 есебімен ұтқанын да мамандар шулы сенсация деп бағалады.
Стадионы
Өз алаңындағы ойындарын ел орталығы Дили қаласындағы Ұлттық стадионда өткізеді. Стадионның сыйымдылығы 13 000 адам. 1980 жылы іргесі қаланған, 2010 жылы бір рет реконструкция жасалған. Стадионға 2005 жылы әйгілі футболшы Криштиану Роналду да келген.
Дереккөздер
- Timor-Leste national football team captain (1 July 2014).
- East Timor matches, ratings and points exchanged. World Football Elo Ratings: East Timor. Тексерілді, 24 қараша 2016.
- http://www.espnstar.com/football/aff-suzuki-cup/news/detail/item868331/Timor-Leste-stun-Cambodia-in-qualifiers/ 12 қазанның 2012 жылы.
Сілтемелер
- Құрама жайлы ФИФА сайтында 15 ақпанның 2018 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер