Қозыбасы, Қозыбашы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ.
Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады.
Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау іргесінде және Іле Алатауының солтүстік-батысындағы Қозыбасы деген шоқыда кездеседі. «Манас» эпосында айтылғандай Шу өзенінің бас жағында да (Қырғызстан жерінде) бар. Төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатыр. Шу бойы мен Қозыбасы тауы – география тұрғыдан алғанда 14 – 15 ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.
Дереккөздер
- “Тараз энциклопедиясы”
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер