Қоскөл – Қараторғай өзені алабындағы көл.
Қоскөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 443 м |
Өлшемі | 2,8 × 2,2 км |
Ауданы | 5 км² |
Көлемі | 7 млн. км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 8,2 км |
Тереңдігі | 2,3 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 56 км² |
Орналасуы | |
49°31′17″ с. е. 67°03′14″ ш. б. / 49.52139° с. е. 67.05389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°31′17″ с. е. 67°03′14″ ш. б. / 49.52139° с. е. 67.05389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ұлытау облысы |
Аудан | Ұлытау ауданы |
Географиялық орны
Арғанаты тауларының солтүстік-батыс бөлігінде. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қорғасын ауылының солтүстік-шығысында 43 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 443 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 5 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,2 км, ең терең жері 2,3 м, су көлемі 7 млн. м3, су жиналатын алабы 56 км2. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Жауын-шашын және жер асты суларыменг толығады. Мал суаруға пайдаланылады.
Жағалау сипаты
Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінде Қамыстыкөл көлі, шығысында Ханым, оңтүстігінде Сарыадыр, батысында Қайыңдышоқы таулары бар.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер