“Үлкен сызба кітабы” — Ресейдің 17 ғасырдың басындағы Үлкен сызба деп аталған тұңғыш мемлекеттік картасының жазбаша сипаттамасы.
"Үлкен сызбаға" сол кезде қазіргі Еуропалық Ресейдің аумағын алып жатқан Мәскеу мемлекеті мен оның оңтүстік көршілері — Түркияның, Қара теңіз жағалауы, , Қазақстанның батыс бөлігі және Хиуа мен Бұхара хандықтары енген. Мұншалықты зор аумақты қамтитын географиялық мағлұматтар Мәскеу мемлекетінің көрші елдермен елшілік және сауда-саттық қарым-қатынастарының пәрменді жүруінің тікелей нәтижесі болды.
Мәскеуде үкімет орындарында жинақталған сызбалар мен жазбалардың негізінде, қызмет бабында пайдалану мақсатындағы карта — "Үлкен сызба" жасалған. Бұл тарихи және географиялық құжат бізге жеткен жоқ. Оның 1627 жылы ескі және жаңа сызбаларға негізделіп жасалған жазбаша түсініктемесі Үлкен сызба кітабы сақталған. Кітап практикалық мақсатта жол сілтейтін анықтамалық ретінде дайындалған. Онда гидрографиялық нысандардың орны және шақырым есебімен арақашықтықтары көрсетілген. Қазақстанға қатысты деректері “Үлкен сызба кітабының” Қазақстанға қатысты деректері Есіл мен Сарысу өзендеріне, Ұлытау мен дейінгі аумақты қамтиды. Осы алқапта 50-ге жуық географиялық атау аталған. Каспий теңізі мен Аралдың арақашықтығы 250 км деп көрсетілген. Сырдария, Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай, , Сағыз, Темір, Бұлдырты, тағы басқа өзендер мен басты көлдер аталған. Ұлытау, Қаратау, Мұғалжар тауларының, Нарын, Арал маңы құмдарының орны көрсетілген. Индер көлі мен Елек өзенінің бойында тұз өндірілетіні, Ұлытауда қалайы, өзенінің бойында табиғи бояу кездесетіндігі баяндалған.
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақаланың сәйкес қойылмаған. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |