Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы әскери құрамасы 1941 ж. шілде — тамызда Ақмола (қазіргі Астана) қалысында Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының тұрғындарынан жасақталды (алғашқы командирі полк. Н.М. Замировский). Дивизия жауынгерлері жедел әскери дайындықтан өткеннен кейін, 27 тамызда Тихвин қаласына әкелінді. 1941 ж. 9 қыркүйекте Ленинград майданының 54-армиясы құрамында Ленинград қоршауын бұзу мақсатымен қалашығы жанында ( оңтүстік-шығысы) ұрысқа кірісті. Қазан айында Волхов қаласының түбінде қорғаныста тұрды, одан соң 1941 — 42 ж. Ленинград облысының шығыс аудандарын азат етуге қатысты. 1943 ж. Волхов майданының құрамында Волхов өзеннің арғы бетіндегі кенті маңында ұрыс жүргізді. 1944 жылдың басында Ленинград — бағытында шабуыл жүргізе отырып, Псковқа дейін жетті. Осы операция кезінде ерекше көзге түскендіктен 20 қаңтарда “Новгородтық” деген құрметті атқа ие болды. 1944 ж. маусым — тамыз айларында дивизия жауынгерлері Свирь өзен кесіп өтіп, Карелияның оңтүстік аудандарын және каласынің солтүстік жағындағы Лоймола стстансасын азат етті. 1945 ж. Польша жерінде болып, операциясы барысында, 27 ақпанда қаласын, ал 4 наурызда Кезлин қалсын алды. Данциг (Гданьск) қаласын алғаны үшін 28 наурызда дивизия орденімен марапатталды. Берлин операциясына қатысып, Дивенов, Свирке бұғаздары арқылы Балтық туғанндегі Узедом аралына жетті. 3 мамырда аралдағы Воллин қаласын, келесі күні жаудың әскери-теңіз базасы Свинемюнде қаласын алғаны үшін дивизияға Ленин ордені берілді. 7 мамырда жаудың соңғы күштерін талқандап, соғысты аяқтады. Дивизия 1945 ж. 28 маусымда таратылды.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |