Үш жүз сексен жетінші атқыштар дивизиясы — әскери құрамандағы 1941 ж. тамыз — қарашада Қарағанды, Ақмола облыстарының әскер қатарына шақырылған тұрғындарынан Ақмола қаласында (қазіргі Астана қалысы) құрылды (алғашқы командирі полк. М.А. Сущенко). 1941 ж. желтоқсанда майданының резервтегі 61-армиясы құрамында қаласының оңтүстік-батысы жағында ұрысқа кірісті. Мәскеу түбіндегі шайқаста неміс фашист әскерлерін талқандауға қатысты, шабуыл операциялары кезінде Ока өзені бойындағы бірқатар селоларды азат етті. 1942 ж. жазында ұзаққа созылған ауыр қорғаныс ұрыстарын жүргізді. 12 тамыздан Батыс майданының 16-армия құрамында болды. Қараша айында жаңа жауынгерлермен толықтырылып, бағытында соғысып жатқан 2-гвардиялық армия құрамына енгізілді. шайқасына Дон майданының құрамына қатысып, Тормосын ауданын қорғады. 1943 — 44 ж. 4-Украин майданында 51 және 2-гвардиялық армиялар құрамында Қырым мойнағында табан тірескен соғыс қимылдарын жүргізді. Перекоп бекінісі ауданына шешуші шабуыл жасауға қатысты. Қырымды азат етуге сіңірген жауынгерлік ерлігі үшін дивизияға 1944 ж. 11 сәуірде “Перекоптық” деген құрметті атақ берілді. 5 — 9 мамырда жаудан азат етуге қатысты. 1945 ж. көктемде Бухаресті алуға қатысып, соғыс қимылдарын Болгария жерінде аяқтады. Дивизияның құрамы 1945 ж. 22 шілдеде таратылды.
- Үш жүз оныншы атқыштар дивизиясы
- Үш жүз он екінші атқыштар дивизиясы
- Үш жүз он төртінші атқыштар дивизиясы
- Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясы
- Үш жүз тоқсан бірінші атқыштар дивизиясы
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |