Әукебай Қалмағамбетұлы Кенжин (1898-1982), партия, кеңес қызметкері, Қарағанды көмір бассейнінің құрылысын ұйымдастырушылардың бірі.
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
Өнеркәсіп академиясын (1938) бітірген. 1929-1934 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1938-1942 жылдары Шығыс Қазақстан облысы «Алтайзолото» тресі Күршім руда басқармасының директоры, Самар аудандық партия комитетінің 2-хатшысы. 1942-1951 жылдары БК(б)П Горбачев атындағы шахтаның парторгы, Киров аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан КП Қарағанды қалалық комитетінің 2-хатшысы, Қарағанды облысының партия комитетінің хатшысы. 1951-1954 және 1962-1974 жылжары «Қарағандыкөмір» комбинаты бастығының орынбасары. 1959-1962 көмір өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы. Октябрь революциясы орденімен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Кенжинге 1-дәрежелі кен директоры дербес атағы (1948) берілді. «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері. Қарағанды қаласының құрметті азаматы.
Дереккөздер
- Бикенов Ж.Б. Жәкенов Ж.М. Исабек Т.К. Тоқа шежіресі — Қарағанды: Қарағанды полиграфиясы ААҚ, 2000. — 402 б. — 1000 таралым. — .
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|