Ә — қазіргі қазақ алфавитіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке ашық дауысты,езу дыбысының таңбасы. Ә - А мен Е нің арасындағы бір дыбыс. Көп әліпбилерде Ә әрпі Е нің қасында қойылған. Бұрыңғы Қазақ әліпбилерінде де Ә Е - ден кейін тұрған. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буында "А" фонемасымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында Ә дудамал естілгенде А жазылады (мысалы, кітап, Сәбира). Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде, кейбір түркі тілдерінде Ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялвқ ыңғайласуына байланысты деген пікір бар. Алайда әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы Ә - ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды.
Қазақ кирил әліпбиі | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
-{Аа}- | -{Әә}- | -{Бб}- | -{Вв}- | -{Гг}- | -{Ғғ}- | -{Дд}- | |||||||
-{Ее}- | -{Ёё}- | -{Жж}- | -{Зз}- | -{Ии}- | -{Йй}- | -{Кк}- | |||||||
-{Ққ}- | -{Лл}- | -{Мм}- | -{Нн}- | -{Ңң}- | -{Оо}- | -{Өө}- | |||||||
-{Пп}- | -{Рр}- | -{Сс}- | -{Тт}- | -{Уу}- | -{Ұұ}- | -{Үү}- | |||||||
-{Фф}- | -{Хх}- | -{Һһ}- | -{Цц}- | -{Чч}- | -{Шш}- | -{Щщ}- | |||||||
-{Ъъ}- | -{Ыы}- | -{Іі}- | -{Ьь}- | -{Ээ}- | -{Юю}- | -{Яя}- |
Басқа тілдердің әліпбилерінде қолдануы:
Кириллица
Әліпби | № | IPA |
---|---|---|
қазақ әліпбиі | 2 | æ |
татар әліпбиі | 2 | æ |
башқұрт әліпбиі | 40 | æ |
2 | æ | |
8 | ɤ | |
әзірбайжан әліпбиі | 7 | æ |
түрік әліпбиі | 36 | æ |
33 | - | |
8 | ɛ | |
абхаз әліпбиі | — |
Дереккөздер
- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
- Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер