Ақмамық (лат. Puccinellia) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ақмамық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
300 түрі белгілі |
Қазақстанда 15 түрі бар. Олар сортаңды шалғындарда, өзен, арық бойларында, құмды жерлерде, тау бөктерлерінде және оның биік қыраттарында өседі. Ақмамықтың негізгі түрлерінің бірі — эндемик өсімдік болып саналады. Балқаш — Алакөл алабында, Шу— Іле тауларында ғана кездеседі. Биіктігі 40-60 см, сабағы тік болады. Жіңішке жапырағы төменгі жағынан топтанып, сояуланып шығып тұрады. Сыпыртқы масақшалары қысыңқы, сары түсті келеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Ақмамықтың көп тараған түрі — негізінен Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының сортаңды шалғындарында көп кездеседі. Биіктігі 1 м-ге жуық, сабағы жіңішке болады. Сыпыртқы масақшалары 2-8 гүлді қоңыр түсті, қатарланып орналасады. Маусым - шілде айларында гүлдейді. Жемісі — дәнек. Үлкен ақмамық қолдан егуге ыңғайлы шабындық шөптің бірі. Оның 1 га-сынан 8-15 ц пішен орылады.
Дереккөздер
- Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет.
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер