Бәйтік Бәймәмбетұлы (шамамен 1762 - 1841) - батыр.
Алшын тайпасының Шөмекей руынан. .
Хиуа мен Қоқан хандықтарының жергілікті халыққа жасаған озбырлық әрекеттеріне қарсы тұрған.
Қазақтардың Жаңадария өзенінің бойына қоныстануына басшылық жасады. Бәйтіктің өмір жолы мен жорықтары туралы , Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары шығармаларында айтылады. Батырдың қалмақтар мен Хиуа, Қоқан басқыншыларына қарсы жорықтарында көтерген ақ туы баласы Тоғанас батырға ауысқан.
Шежіре: Бәйтік-Тойқожа-Өтебай-Әлдеберлі-Келмембет (Сарқасқа)-Келдібай-Бозгул-Шомекей
Дереккөздер
- Алшын шежіресi (Адам Атадан өзіме шейін) / Усенбаев Т. – Кызылорда, Тумар, 2003. - 464 бет.
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|