Камилло Гольджи (итал. Camillo Golgi; 7 шілде 1843, — 21 қаңтар 1926, Павия) — итальяндық дәрігер және ғалым, Сантьяго Рамон-и-Кахальмен бірге, «жүйке жүйесінің құрылымын зерттеудегі еңбегін тану» ретінде Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1906 жылғы лауреаты.1905 жылы Петербург Ғылым академиясының мүше-корреспонденті атағына ие болған.
Камилло Гольджи | ||||
итал. Camillo Golgi | ||||
![]() | ||||
Туған күні | ||||
---|---|---|---|---|
Туған жері | , провинциясы, Ломбардия, | |||
Қайтыс болған күні | ||||
Қайтыс болған жері | ||||
Азаматтығы | ||||
Ғылыми аясы | ||||
Ғылыми жетекші |
| |||
Несімен белгілі | жүйке жүйесі зерттеуші | |||
Марапаттары |
|
Танылуы
К. Гольджи жүйке жүйесі гистологиясы және морфологиясы туралы іргелі ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Ол 1873 жылы жүйке ұлпасының гистологиялық препараттарын дайындау әдісін жасап, жүйке жасушаларының екі түрін ажыратып анықтаған. Камилло Гольджи 1898 жылы ми нейроциттері цитоплазмасында орналасқан тор төрізді құрылымның бар екендігін анықтады. Бұл құрылым кейіннен Гольджи аппараты деп аталды. К. Гольджи 1906 жылы С. Рамон-и-Кахальмен бірге Нобель сыйлығын алған.
Гольджи аппараты, Гольджи кешені (грек. apparatus goigiensis, dcomplexus golgiensis, apparatus - аппарат, complexus — жиынтық, кешен, Golgi - итальян ғалымы) — биологиялық жарғақпен (мембрана) шектелген жасуша органелласы. Электрондық микроскоппен қарағанда бұл органелла үш түрлі құралымдардан: созылыңқы келген қапшықтар мен көпіршіктерден және түтікше келген қуыстардан (вакуольдерден) тұрады. Бұл құралымдар сыртынан (мембраналармен) шектеліп, жасуша [[цитоплазма|цитоплазмасында шоғырланған шағын аймақтар түзеді. Осылай жекеленіп орналасқан цитоплазма аймағын диктиосома деп атайды. Бір диктиосомада 5-10 шақты созылыыңқы қапшықтар мен түтікшелер және көпіршіктер орналасады. Гольджи аппараты өзінен секрет бөледі және біріншілік лизосомаларды түзеді.
Ғалымның құрметіне аталған объектілері
- Гольджи аппараты
- — жасуша - рецепторлық сіңір түрлерінің бірі
- — жүйке тінін бояу техникасы
- Мишықтағы
- — ұзын аксоны бар жүйке жасушалары
- — ұзын аксоны бар немесе аксоны жоқ жүйке жасушалары
- - Айдың кратер
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Camillo Golgi |
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер