Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.
Өмірбаяны
Ұлы жүздің Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу маңайына қоныстандырады. 1863 жылы орыс әскерінің полковнигі Қордайдың жағындағы деген жерде жергілікті халықтың беделді адамдарымен жиын өткізгенде бұл жиынға қазақтардан Сыпатаймен бірге Оразалы, қырғыздардан манап Шабдан Жантаев, қатысады. Осы жиында Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаудың жай-жапсары, жергілікті халықтардан жасақ шығару, олардың жүзбасы, мыңбасыларын тағайындаудың мәселелері қарастырылып, Оразалы бес жүз сарбаздың сардары болып бекітіледі. Орыс әскерлері Меркіні алғаннан кейін Оразалы мыңбасы болып тағайындалады.
Жетістіктері
Оразалы батырға Қоқан алуда сіңірген еңбегі үшін 1864 жылы «Ынталылығы үшін» деген күміс медаль берілді. Қазір Шу ауданындағы бір ауылға Оразалы батыр есімі берілген.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Тараз энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |