Сүндет күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы бұрынғы Оймауыт ауылынан 30 км жерде, Жем өзеннің сол жағында орналасқан. XIX ғасырда ірге көтерген Сүндет күмбезін Дәулетнияз ұста тұрғызған. Ол мазарды текше пішінді етіп салып, 8 қырлы қабырғаның үстін барабанды күмбезбен ұштастырған. Алдыңғы қабырғасы мен маңдайшасы бедерлі оймыш және түйе табан өрнекпен нақышталған. Әр қабырғасында ою-өрнекпен безендірілген ойықтар бар. Ішкі жағын нақыштауда түрлі түсті бояулар пайдаланылған. Сүндет күмбезінде құрылыс материалы ретінде Маңғыстауда жиі кездесетін ұлутас қолданылған. Сүндет күмбезі композициясының жинақы әрі беріктігімен ерекшеленеді.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер