Координаттар: 43°35′ с. е. 43°24′ ш. б. / 43.583° с. е. 43.400° ш. б. (G) (O) (Я)
Қабарда-Балқария, Қабарда-Балқар Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялық құрылым. Солтүстік Кавказда орналасқан. РФ-ның Ставрополь өлкесімен, Солтүстік Осетиямен және Қарашай-Черкесиямен шекараласады. Жер аумағы 12,5 мың км², халқы 782 мың адам (2002). Астанасы – Нальчик қаласы. Байырғы тұрғындары республика халқының басым көпшілігін құрайды, соның ішінде: – 363,5 мың (48,2%), – 70,8 мың (9,4%) адам. Орыстар – 241 мың адам (38,8%). Оннан аса басқа ұлт өкілдері (украиндар, осетиндер, немістер, корейлер, месхет түріктері, армяндар, татарлар, грузиндер, тау еврейлері мен татарлар) бар. Мемлекеттік тілі – , және орыс тілдері. Республика басшысы – президент. Жоғары өкілетті органы – екі палатадан (Республика кеңесінен және өкілдер палатасынан) тұратын заң шығарушы жиналыс; ол 4 жыл мерзімге сайланады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі 9 аудан, 8 қала, 4 қалалық кент, 115 ауылдық әкімшілік.
Ресей Федерациясының субъектісі | |||||
Қабарда-Балқария Республикасы | |||||
| |||||
| |||||
Елордасы | Нальчик | ||||
Барлығы | 12 470 км² | ||||
| |||||
Барлығы | ▼858 946 (2013) 68.9 адам/км² | ||||
|
| ||||
Барлығы, ағым. баға | 76,1 млрд руб. (2010) 65,7 мың руб. | ||||
Солтүстік Кавказ | |||||
, , Орысша | |||||
Республика басшысы | Арсен Каноков | ||||
Үкімет төрағасы | Руслан Хасанов | ||||
Парламент төрағасы | Ануар Чеченов | ||||
| 07 | ||||
| RU-KB | ||||
() |
Географиясы
Қабарда-Балқария Кавказдың солтүстік беткейі мен Қабарда жазығында орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Бүйір жотасы, Бас немесе Суайрық жоталарының шыңдары (Эльбрус – 5642 м, – 5203 м, – 5068 м) алып жатыр. Республиканың солтүстік-шығыс жағында, өзінің Терекке құяр тұсында жер бедерінің биіктігі 200 м-ге дейін төмендейді. Терек пен өзендерінің аңғары шалғынды, орманды. Орман алқабының (емен, қайың, қарағай, тағы басқалар) жалпы ауданы 331 мың га. “Эльбрус” өңірі мемлекеттік табиғи ұлттық бағы ерекше қорғалатын аймаққа жатады. континенттік, Қабарда жазығының қаңтардағы орташа температурасы –4°С, шілде айында 23°С, ал таулы өңірдің орташа температурасы қаңтарда –12°С, шілдеде 4°С болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшісі 500 мм-ден ( жазығында) 2000 мм-ге (таулы өлкеде) жетеді. Жері – қара топырақты, шалғынды қара қоңыр және қара қоңыр. Таулы өңірде сілеусін, сусар, қоңыр аю, қабан, елік, жабайы өгіз, тауешкі, құстардың алуан түрлері кездеседі.
Тарихы
Қабарда-Балқария жерін адам баласы өте ерте заманда мекендеген. Бақсан шатқалындағы және Сос үңгірлері, Чегем шатқалындағы қала-төбе үңгірі мезолит дәуірінен (б.з.б. 8 – 5 ғасырлар) қалған ескерткіштер, ал неолит дәуірінің ескерткіштері Агубек қонысынан, Кенже өзеннің жағасындағы ескі жұрттан, тағы басқалар табылды. Сондай-ақ қола дәуірінің ескерткіштері де республика аумағында ( қонысы, Нальчик обалары, Тас көпір зираты, қазынасы) көп ұшырасады. Ерте темір дәуірінде Қабарда-балқария жерінде сақтар мен мәдениетінің белгілері болған. Кейін сақ, , қабарданың , , , тайпаларына зор ықпалын тигізген. деген жиынтық атаумен белгілі болған бұл тайпалар , тағы жағалауын мекендеген , , халықтарының арғы аталарына жатады. Б.з.б. 1 ғасырдың орта шенінде Таман түбегінде тайпаларының өзіндік мемлекеттік бірлестігі болды. Ол кейін патшалығы құрамына енді. Синдтер егіншілікті, қолөнерді, теңізде жүзуді кәсіп еткен. 4 ғасырда оларды ғұндар өзіне бағындырды. Балқар халқы алан тайпалары мен [[бұлға|бұлғарлардың және тауына таяу қоныстанған қыпшақтардың өзара араласуынан пайда болған. тілі түркі шоғырындағы қыпшақ тілі тобына жатады. Алтын Орда, ол ыдырағаннан кейін Қырым хандығының құрамына кірді. 1557 ж. ( билеген тұста) билеушілері Ресей мемлекетінің қол астына өтті. Қабарда князі қызы үйленіп, қабарда ақсүйектері патша сарайында, әскерде жоғары мәртебелі қызметтер атқарды. 16 – 18 ғасырларда қабарда халқы Ресей мен Осман сұлтандығы арасындағы соғыстарға белсене қатысты. 1735 – 39 ж. орыс-түрік соғысынан кейін жасалған Белград келісімшарты бойынша бейтарап ел болып жарияланды, ал Кічік-Кайнаржа бітімі (1774) бойынша Түркия оның Ресей құрамындағы ел екендігін мойындады. Ал Ресейге 1827 ж. қосылды. 1870 ж. туған жылының салынуы өңірдің шаруашылық жүргізу дағдыларын жаңа сапалық сатыға көтерді. 1917 ж. Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісінен кейін болған билігі қолдан өтіп, ақыры кеңес өкіметі орнады. 1921 ж. қаңтарда мен әкімшілік округ ретінде Таулық -і құрамына енді. 1921 ж. 1 қыркүйекте РКФСР құрамында автономия округін құру туралы декрет шықты. 1922 ж. 16 қаңтарда қаулысы бойынша округі Таулық -інен бөлініп, Қабардамен біріктірілді де, Қабарда-Балқар автономия округі құрылды. 1936 ж. Қабарда-Балқар -і аталды. 1944 – 57 ж. балқарлықтар Қазақстанға заңсыз жер аударылғанда, республика Қабарда -і ретінде өмір сүрді. 1957 ж. Қабарда-Балқар -і қалпына келтіріліп, балқарлар отандарына қайта бастады. 1991 ж. қарашада республиканың Жоғары Кеңесі ел егемендігі туралы декрет қабылдап, Қабарда-Балқар -і жарияланды. 1992 ж. ол “Қабарда-Балқар республикасы” аталды. 1992 ж. 31 наурызда РФ-ның ретінде федеративтік келісімшартқа қол қойды.
Экономикасы
Қабарда-балқария – . Көп салалы өнеркәсібі мен дамыған ауыл шаруашылғы бар. Өндірістік кешендері түсті металдарды қорытуға, вольфрам мен молибден өндіруге маманданған. Федералдық меншіктегі кен-металлургия комбинат осы саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Машина жасау ісі жақсы дамыған, қазіргі кезде оның өнеркәсіп өнімдерін шығарудағы үлесі 30%-ға жетіп отыр. Сонымен қатар жеңіл , құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр техникасы мен электронды жабдықтар шығару ісі жақсы жолға қойылған. Энергетика, полиграфия өнеркәсібін, ағаш өңдеу кәсібін өркендету мәселесіне беріліп отыр. Қабарда-балқариядан шығатын кабельді өнімдерге, алмасты аспаптарға, былғары және үлдірік бұйымдарға сырт рынокта сұраныс жоғары. Өндіріс орындары негізінен Нальчик, , Терек, , , , өнеркәсіп орталықтарына шоғырланған. Солардың арасында Тырныауз вольфрам-молибден комбинациясы, химия комбинациясы, “Иском” , Терек алмасты аспаптар , Нальчиктегі жартылай өткізгіш приборлар , “Эльбрус” жасау комбинациясы, “” фабрикасы, тағы басқалар ірі кәсіпорындар саналады. Ауыл шаруашылық егін егу және мал өсіру бағытында қалыптасқан. Ауыл шаруашылық жерінің 40%-ын егістік алқап алып жатыр. Бидай, жүгері дақылдарымен қатар күнбағыс, тары, зығыр, көкөніс, картоп егіледі. Мал шаруашылығы құрылымында етті-сүтті мүйізді ірі қара, қой өсіру кәсібінің үлесі мол. Әсіресе, жылқы бағу мұнда дәстүрлі шаруашылық сипатын иеленген. Қабарда жылқыларының жүйріктігімен, төзімділігімен әрі таулы жерге бейімдігімен тек Ресейге емес, шет елдерге де ертеден даңқы шыққан. Қабарда- аумағынан Солтүстік Кавказ темір жолы (Нальчик қаладан 4 км) өтіп жатыр. Соңғы кезде автомобиль және әуе көлігімен қатынас жақсы дамып келеді. Жүк және жолаушылар тасымалының жалпы көлемінің 80%-ы автокөліктің үлесіне тиеді. Республикааралық және халықар. тасымал Қ.-Б. жерін қиып өтетін “Кавказ” автомагистралі арқылы жүзеге асады. Республика соңғы жылдары халықар. туризм орт-на айналып келеді. Әсіресе, тау шаңғысы спорты мен альпинизмді дамытуға мүмкіндік мол. Эльбрус ауданында, Бақсан өзеннің жоғары ағысында спорт кешені салынған, Чегем және Эльбрус өңірі тауларында аспалы жолдар жұмыс істейді.
Мәдениеті
және халықтары тағдырлас болғандықтан, тілдеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, олардың әдебиеті бір арнада қатар дамыды. 1923 ж. қабарда- тілінің, 1924 ж. -балқар тілінің қабылданды. мен әдебиетінің негізгі бастауы – фольклор. Онда түрлі , ертегілер, мақал-мәтелдер, батырлық , тағы басқалар ауыз әдебиеті үлгілерінің мол қазынасы бар. Екі халыққа ортақ “Нарттар” эпосында ерлік пен еңбек құдіреті, халықтың дүниетанымы, этика-эстетикалық көзқарасы шынайы бейнеленеді. 19 ғ-да ақыны әрі -ғалымы Ш.Б. (1794 – 1844) қабарда-черкес тілінің әліппесін, грамматикасын құрастырды, “” халқының тарихын (1861) жазды. Алғашқы қаламгерлері – С.Хан-Гирей, Қази Атажукин, Юрий Ахметуков (), С.Урусбиев, тағы басқалар орыс тілінде жазды. Кеңес өкіметі тұсында Б.М.Пачев, К.Б.Мечиев, П.Кешоков, Т.Борукаев, Али Шогенцуков, Ә.Кешоков, І.Кулиев, А.Налоев, тағы басқалар ақын-жазушылар шықты. Қабар және балқарда қолөнер кәсібі мен дәстүрлі бейнелеу өнері жақсы дамыған. Киімдерге қошқар мүйіз, көгеріс, геометриялық өрнектер салып зерлейді. Белдік, қаусырма ілгек, қару-жарақ түрлері мен ат әбзелдерін күміспен сіргелейді. Балқар әйелдері геометриялық пішіндер салып текемет басады, әр түрлі киіздерден оюлап, сәнді сырмақтар жасайды. Ал қабардаларда бойра, шымши тоқу ісі кең тараған. Олар ағаштан жиhаз, ыдыс-аяқ жасап, бедерлейді. және ұлттық музыкасының дені ән мен би жанрын қамтиды. Кең тараған ұлттық билері – , , (қабардаларда); тюз-тепсеу, тегерек-тепсеу, абзех (балқарларда). Ұлттық музыкалық аспаптары: шыкэ-пшынэ, , , , , , сыбызғы, , (соқпалы); пшынэ, қобыз (тілді), т.б. Театр өнерінің шығу төркіні халықтың әдет-ғұрып ырымдары мен ойындарында жатыр. Ақын- (джегуаколар) мен “капчилер” өнерінде, теке биі (ажа-кафа), т.б. халық ойындарында театр қойылымдарының көптеген элементтері кездеседі. Қазіргі Қабарда-Балқар драма театры 1940 ж. құрылған. 1990 ж. “Адыгтардың халықтық әндері мен аспаптық әуендері” атты музыкатану антологиясы жарық көрді. Әсіресе, “” атты шығарма ғылымға қосылған қомақты үлес болды.
Сілтемелер
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , X том
- Тюркоязычный мир, А., 1997; Кабардино-Балкария в цифрах. Статистический ежегодник, Нальчик, 2002; Социально-экономическое положение КБР, Нальчик, 2003; Тюркские народы, А., 2004.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер