Бақалтақ қыран (лат. Aquila pennata) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
![]() | ||||||||||||||
![]() () | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Aquila pennata (, 1788) | ||||||||||||||
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk5tTDBocFpYSmhZV1YwZFhOZmNHVnVibUYwZFhOZlRVaE9WQzVhVDA4dU1qQXhNQzR4TVM0NE55NHhMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFJYVdWeVlXRmxkSFZ6WDNCbGJtNWhkSFZ6WDAxSVRsUXVXazlQTGpJd01UQXVNVEV1T0RjdU1TNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Кейде бақалтақ қыранды “ергежейлі қыран” деп те атайды. Қазақстанның және оңтүстік-шығысындағы тау ормандарын, Сырдария, Іле, Шелек, Шарын және Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Баянауыл, Қарқаралы таулары мен Алтайда да кездеседі. Бақалтақ қыран түсіне қарай қара және ақ бауырлар деп бөлінеді. Тұмсығының түбі көгілдір, имектелген ұшы қап-қара болады. Биік ағаштың басына ұя жасап, оған 1—2 жұмыртқа салады; оны мекиені 35—39 күн басады. Балапаны жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін 2 айдан соң ұядан ұшады. Бақалтақ қыран ұсақ тышқандармен, құстармен қоректенеді. Ол — жыл құсы. Қазақстанға сәуірде келіп, қарашада Африка мен Үндістан түбегіне ұшып кетеді. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).
Статусы
3-ші санат. Сирек, аз зерттелген құс.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Туыстың Қазақстан фаунасындағы бірден-бір өкілі.
Таралуы
Солтүстік Батыс Африка, Евразияда – шығысқа қарай Үлкен Хинганга, оңтүстікте Грекия, Кіші Азия, Сирия мен Ауғанстанға, солтүстікте Карпат, Алтай, Туваға дейін кездеседі. Қазақстанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы ормандарда, сол сияқты Сырдария, Іле, Шелек, Шарын, Қаратал өзендерінің жайылмаларындағы тоғайларда мекендейді . 70-ші жылдары Қарқаралы тауларында ұялағаны анықталған , 80-90 жылдары оңтүстік-батыс Алтайда , Зайсан қазаншұңқырында, Маңырақ пен Тарбағатайда ұялаған. Үндістан мен Африкада қыстайды.
Мекендейтін жерлері
Түрлі типтегі ормандарда – шөл өзендерінің жайылмаларындағы , таулы жалпақ жапырақты, сирек қылқан жапырақты – ормандарда мекендейді. Жемтігін аулау үшін ашық тау бөктерлеріне, көлдердің ашық жағалауларына және елді мекендерге ұшып шығады, соның ішінде Алматы қаласының оңтүстік жартысында бақалтақ қырандар жиі есепке алынған .
Саны
Жоңғар (Жетісу) тек кейбір аудандарында біршама, таралу аймағының негізгі бөліктерінде сирек; 60-70-ші жылдардағы күрт төмендеуден кейін қазір санының өсуі байқалуда. Мысалы, қорығында 30-шы жылдары бақалтақ қыран қырандардың ішінде әдеттегідей болған. Содан кейінгі жыртқыш құстарға қарсы күрес науқанынан соң ол 1959-1965 жылдары мүлдем кездеспеді, тек 1966 жылы бірінші ұя табылды
Негізгі әсер ететін факторлар
Анықталмаған, мүмкін, тоғайлардың тозуы және заңсыз аулау (ату).
Биологиялық ерекшеліктері
Жыл құсы. Көктемде сәуірде пайда болады, күзге қайту тамыздың аяғынан қазанға дейін созылады. Ұясын көпшілік жағдайда жалпақ жапырақты ағаштарға, сирек – қылқан жапырақтыларға, өте сирек жартастарға салады. 1-2 жұмыртқа болатын ұяны ұябасары 35-39 күн шайқайды . Тек бір ғана балапаны тірі қалады, ол шамамен 8 аптадан соң қанатына қонады. Құстар және майда әрі орташа денелі аңдармен қоректенеді, оларды тасадан не қалықтап ұшып жүріп бақылайды және қуып жүріп ұстайды. Кейде бауырымен жорғалаушыларды да аулайды. Ұя маңында жиі әдемі ұшу мәнерлерін көрсетеді.
Қолда өсіру
Қазақстан хайуанаттар парктерінде қолда ұсталмайды.
Қабылданған қорғау шаралары
Ақсу-Жабағылы, Қаратау, Марқакөл, Алакөл және Алматы қорықтарында, Баянауыл,Қатон-Қарағай және Алтынемел ұлттық парктерінде қорғалады.
Қажетті қорғау шаралары
Қаратау, Жоңғар (Жетісу) Алатауы және Іле өзенінің аңғарында қорықтар ашу; қолда өсіру
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Шектеуші факторларды анықтау үшін түрдің экологиясын жан-жақты зерттеу
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , II том;
- Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков.
- . Корелов, 1962 Красная книга Казахской ССР, 1978
- Мальцева, 1983
- Редкие животные Казахстана, 1986; Березовиков, Рубинич, 2001 Стариков, 2006
- Стариков, 1997 Березовиков, Левин, 2006
- Редкие животные Казахстана, 1986 Дементьев, 1951
- Ковшарь, 1966 Ковшарь, 1977
- Harrison, 1975
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |