Теректі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аудан. Аудан Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Теректі ауылы, Орал қаласынан 46 км жерде орналасқан. Ауданның аумағы - 8,0 мың шаршы км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды.
Қазақстан ауданы | |
Теректі ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 15 |
Ауыл саны | 49 |
Әкімі | Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, №18 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 51°07′20″ с. е. 51°58′43″ ш. б. / 51.12222° с. е. 51.97861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°07′20″ с. е. 51°58′43″ ш. б. / 51.12222° с. е. 51.97861° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1933 |
Жер аумағы | 7 968 км² |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 39 019 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | қазақтар (82,70%), орыстар (11,88%), украиндар (2,78%), басқалары (2,64%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 091100- 091129 |
Автомобиль коды | 07 |
| |
|
Географиялық орны, топырағы
Аудан Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан. Аудан солтүстігінде Жайық өзенімен, батысында Бәйтерек ауданымен және Орал қаласымен, шығысында Бөрлі, Сырым және оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен шектеседі. Топырақ - климат қорын және ауыл шаруашылығының бәсекеге төтеп беретін жағдайын есепке ала отырып аудан аумағы екі табиғаттық - экономикалық кеңістікке бөлінген: ауыл шаруашылық кеңістік - далалық дәнді дақылдық - мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара - каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік - сырталды, малшаруашылық - дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл - каштанды топырақ таралған).
Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
24214 | ▼23460 | ▲26324 | ▲29027 | ▲29326 | ▲44603 | ▼39463 | ▼38285 |
Халқының саны 2019 жылы 38 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 81,85%, орыстар – 12,31%, басқалары — 5,84%.
Әкімшілік бөлінісі
49 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Ақжайық ауылдық округі | Ақжайық ауылы | 5 | ▼4207 |
Ақсоғым ауылдық округі | Ақсоғым ауылы | 4 | ▼1179 |
Ақсуат ауылдық округі | Ақсуат ауылы | 4 | ▼2734 |
Аңқаты ауылдық округі | Аңқаты ауылы | 6 | ▼1318 |
Богданов ауылдық округі | Богдановка ауылы | 4 | ▼739 |
Долин ауылдық округі | Долинное ауылы | 4 | ▼1628 |
Құмақсай ауылдық округі | Құмақсай ауылы | 1 | ▼620 |
Подстёпный ауылдық округі | Подстёпное ауылы | 4 | ▲10983 |
Покатилов ауылдық округі | Покатиловка ауылы | 1 | ▼961 |
Приречный ауылдық округі | Приречное ауылы | 1 | ▼640 |
Теректі ауылдық округі | Теректі ауылы | 4 | ▲5791 |
Ұзынкөл ауылдық округі | Ұзынкөл ауылы | 1 | ▼869 |
Шаған ауылдық округі | Жаңаөмір ауылы | 3 | ▲3854 |
Шағатай ауылдық округі | Шағатай ауылы | 4 | ▼1715 |
Шалқар ауылдық округі | Сарыөмір ауылы | 3 | ▼1482 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Статусы | Халқы (2009) |
---|---|---|
Подстёпное | ауыл | ▲ 6461 |
Теректі (Фёдоровка) | ауыл | ▼ 4597 |
Жаңаөмір | ауыл | ▲ 3044 |
Ақжайық | ауыл | ▼ 2781 |
Сарыөмір | ауыл | ▲ 1252 |
Шағатай | ауыл | ▼ 1147 |
Ақсуат | ауыл | ▲ 1121 |
Аңқаты | ауыл | ▼ 1049 |
Покатиловка | ауыл | ▼ 996 |
Долинное | ауыл | ▼ 935 |
Ұзынкөл | ауыл | ▼ 891 |
ауыл | ▲ 775 | |
Приречное | ауыл | ▼ 761 |
Абай | ауыл | ▼ 700 |
Ақсоғым (Восход) | ауыл | ▼ 692 |
Төңкеріс | ауыл | ▼ 656 |
Құмақсай | ауыл | ▼ 648 |
Лесопитомник | ауыл | ▲ 637 |
(Магистральное) | ауыл | ▲ 632 |
Жайық | ауыл | ▼ 574 |
Талпын | ауыл | ▼ 548 |
(Үлкен Еңбек) | ауыл | ▼ 541 |
Кемер (Социализм) | ауыл | ▼ 529 |
Богдановка | ауыл | ▼ 507 |
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Казталов, Теректі және Бәйтерек аудандарының шекараларын белгілеу туралы
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер