Мұзбел – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде, Үстірттің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жон.
Мұзбел жоны | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 75-80 км |
Ені | 20-25 км |
Биіктігі | 340 м |
Орналасуы | |
42°57′58″ с. е. 55°15′28″ ш. б. / 42.96611° с. е. 55.25778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°57′58″ с. е. 55°15′28″ ш. б. / 42.96611° с. е. 55.25778° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Жер бедері
Солтүстік-батысында Қарынжарық ойысы мен құмы, оңтүстік-шығысында Қарынгүрлі аңғары аралығында 75-80 км-ге созылып жатыр, енді жері 20-25 км. Ең биік жері (340 м) жонның солтүстік-батысында.
Геологиялық құрылымы
Мұзбел жоны сарматтың бақалшақты-оолитті әктастарынан түзілген. Гипс және әктасты жыныстардың шайылуынан пайда болған карсты құбылыстар көп.
Өсімдігі
Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, т.б. өседі. Мұзбел жоны маусымдық мал жайылымына пайдаланылады. Солтүстік-батыс бөлігі Үстірт қорығы аумағына кіреді. Жонды бойлық бағытта бірнеше қара жол кесіп өтеді.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер